Алматыда бір адам бар бір адам...

Алматыда бір адам бар...

Алматыда бір адам бар, бір адам,
Бәлкім кедей, бәлкім бай да «ұлы» адам.
Талабына тау бола алмас тосқауыл,
Талабы оның тасты жарған қынадан.

Табармын деп қаладан кеп бар бағын,
Тістесе де опығын жеп бармағын.
Алматыда арқалап жүр бір адам,
Мың адамның арқалайтын арманын.

Көкейінде тамып тұрған тамшы нұр,
Тірлігіне медет беріп тамшы бір.
Ізін салып тайға таңба басқандай,
Сауырынан сабайды кеп қамшы жыр.

Бағын табар қаласында күйбеңді,
Көргенен соң өлі көңіл күйге енді.
Мұздан қала құрсауланып жатқан соң,
Жалаң аяқ мұзда басып үйренді.

Алматыда бір адам бар, жас әлі,
Жүз жылдыққа жетіп жатыр жасары.
Жігеріне құм сеппеңдер адамдар,
Белесі де әлі де көп асары.

05.02.2014ж



Бөлісу: