Ананың ауыр зары немесе қателік

Ауыр науқастан қаза тапқан әкесінің үйінде анасы мен баласы тұратын.Анасы баласына қолынан келгенше қарасты.Оқытты,тоқытты.Жалпы,қатарынан кем қылмағысы келмеді.Баласы сабағын жақсы оқып,тәртіпті болып өсті.Қараған жұрт таңдай қағып сүйсінердей еді.Хош,сонымен балаға әскерге бару туралы қағаз келді.Өзінің Отан алдындағы борышын өтеу оның басты армандарының бірі еді.Анасымен қимай қоштасып,әскерге барды.Байғұс шешесі ылғи оған хат жазумен болды.Көптеген күндер,айлар өтті.Бір күні баласы қоңырау шалып,хабарласты:

-Анашым,ертең мен сенің жаныңда боламын.

-Жақсы балам сені асыға күтетін боламын.

-Анашым,бірақ менің бір досым бар.Оны біздің үйімізге әкелмекші едім.

-Жарайды келе берсін есігіміз ашық!

-Бірақ ол екі аяғынан айырылған.

-ЖОҚ,балам ол бізге ауыр жүк болады.

(баласы ауыр күрсінумен)Жақсы анашым,сау болыңыз

-Сау бол балам,аман-есен жүр!

Келесі күн.Анасына тағы бір хат келді.Әскерден екен.Қасында біраз кісілер де бар.Сіздің ұлыңыз қаза тапты.Мынау соның сізге жазған хаты.Бейшара,жақсы адам еді.....

Міне,осы сөзді естігеннен-ақ ана жүрегі қарс айрылды.Хатты ашқанда мына сөздерді оқып,зар иледі:

КЕШІРШІ,АНАШЫМ,МЕН САҒАН ӨМІРІҢНІҢ СОҢЫНА ДЕЙІН АУЫР ЖҮК БОЛҒЫМ КЕЛМЕДІ.....



Бөлісу: