Сайтқа байланысты қызықты сұрақтар #3

Кейде қазақ болғаныма қуанам ше, өйткені ешқашан ішің пыспайды :) Жақсы болсаң күлесің жаман болса жылап аласың дегендей :) 

Бүгін бір қатар жаңа анекдоттар (қалжың ғой) ұсынбақпын :). 

***

- не ғой, маған танысатын қыз керек

-жақсы, қандай қыз керек, былай нақтылап айтсаңызшы

- білмейм, опшым бір әдемі қыз керек, бастысы "қыз" болса болды

- а сіз өзіңіз оған лайықсыз ба? 

- енді лайық болуға тырысам ғой, просто бұрынғы әйеліме әдейі қыз алғанымды көрсетейінші деп ем

- упс, кешіріңіз мен көмектесе алмаймын 

- тух, көмектесе салшы, сенің нең кетеді... 

***

- неке.кз деген нені білдіреді

- үйленуге арналған сайт қой

- ааа, мен бір сұрақ қояйын деп ем

- иа, айта беріңіз

- мен неке куәлігімді жоғалтып алып ем, қайдан таба алам?

- ЦОН ға барып жоғалғаны туралы қағаз алып, қайта жасатуға болады

- мм, Әуезов ауданының ЦОНы қайда екенін білмейсіз ба?

- .... (лібә, әрине іштей ғой :))

***

- мына сұраққа жауап жазып жібере аласыз ба?

- әрине, жіберіңіз

- сіз аралас некеге қалай қарайсыз

- енді әркім өз бақытын тауып жатса болады ғой

- сен не сонда, қазақ қыздарына басқа ұлтқа шыға берсін, соларға құл болып, ажырасып келіп отырсын дейсің ба?

- қазақтарға шыққандар ажыраспай жатыр ма? 

-... сен қыз өзі қалай-қалай ойлайсың, мен сені басқа деп жүрсем

- сіз менің пікірімді  біліп жатсыз ба, жоқ мені ұрсуға жаздыңыз ба?   

***

- қандай сотка қолданасыз?

- ноте 2

- қандай қосымшалар қолданасыз?

- көп қой, соткам қол-аяғым ғой

- ааа, мен тек понт үшін керек екен десем 

- лібә, мені кім деп тұрсыз. (Кеше болған собеседованиеден) 

***

Қазірше осы :) көп сұрақтар еді ойыма келмей тұр.... Алдыңғы сұрақтарды мыннан, мына жерден оқи аласыздар. 



Бөлісу: