Айбек аға, ұрыспаңызшы, а...

Негізі махаббат тақырыбына онша жақын емеспін. Ғашық болып жылап жүретіндерге қызығып жүрем әйтеуір. Ал мендегі жүрек шынымен тас боп қатып қалған шығар... Сол тасты бір жібітіп, жұртқа сырымды айта қалып ем, басым «пәлеге» қалды. Осында «Егер мен қатігез болсам...» деген блог жазғам ғой алдында ғана. За күйік емес, жәй жазғым келді, жаздым. Содан не керек, сол блогым жариялағаннан кейін, екі кештің ортасында Айбек ағам телефон шалып, жолығуға шақырды. А? Естімедім? Аааа, қай Айбек деймісіз? Анау ше, кәдімгі өзіміздің Айбек ше? Осы Массагеттегі біразының ағасы, біразының құрдасы, общм өзіміздің Айбек Шағатаев.

Расында менің телефонымда оның нөмірі жоқ. Негізі менің де нөмірім ода жоқ-тұғын. Ол анық еді. Түсінбей қалдым. Телефонымнан кәдімгідей «Айбек аға Массагет» деп шығып тұр. Дәл бұлай қашан сақтап қойғаным есімде жоқ. Мұны қойш, ол менің нөмірімді қайдан алды десиш))

Қорқыыыыыыыыыыыыыып тұрып (не үшін қорыққанымды өзімде білмейм) тұтқаны көтердім. Даусы қатаңдау ма, қалай өзі?..

Сомен жолықтық. Тура біздің үйдің қақпасының алдында тұр. Түсінде бір жылу жоқ, шіркін. Үйімді қалай тауып келген деш. Мен таң қалып, әрі қорқып...

Ал кеп ұрыссын, амандық-саулық жоқ. «Ағаларың отырған жерде махаббат, жігіт туралы қозғауға қалай ұялмайсың» деп бастады әңгімесін. Ужааааааааааас, біттім деп ойладым. Екі бетім ұяттан өртенді. Мына қақаған аязда ыстықтап барам. Айбек ағаның ұзыннан-ұзақ әңгімесін (нақтырақ ұрысын) тыңдағаным шамалы. Ұялып, ыстықтап, жайым болмай бара жатты. Айтарын айтып болған соң Айекең бұрылды да кете барды. Қақпаның алдына отыра кеттім.

«Няғып отсың? Тыныштық па? Жатсаңшы» деген мамамның сөзінен ояндым. Қызық, мен кәдімгідей отырып алып ұйықтап жатырмын. Шамасы Айбек аға кеткен кезде отырған күйі отырып қалсам керек. Ыстығым да көтеріліп кетіпті. Сағатқа қарадым. 4.21.

Ал сосын ұйықтай алсамшы... Айбек ағаны ойладым. Осыдан таң атсыншы, әлгі блогымды өшіріп тастаймын дедім ішімнен. Жұмыс уақытын әзер болдырып, жұмысқа келдім. Келдім де бірінші Массагетті аштым. Тым кеш екен. Айбек аға кеше кешкісін-ақ именно сол блогқа пікір жазып қойған екен. Бірақ ұрыспапты. Тілегің білдіріпті. Рахмет, Айбек аға!

P.S. Неге екенін білмеймін, аға, сіздің кәдімгідей аяқ тартамын. Шын ағамдай. Әр блогыма осыны оқыр мекен, оқымай өтіп кетсе екен. Біртүрлі ыңғайсыз. Оқыса да пікір жазбаса екен деп іштей тиылып жүрем (көңіліңізге келмесін, ешқандай жаман көрушіліктен емес). Ал осы бір блогымды өзіңізге арнадым. Сіздей ағалар аман болсыншы, әрдайым!



Бөлісу: