Біз кімдердің есіндеміз?

   Екі жеті бұрын балалығымның куәсі болған құрбыммен кездескен едік. Кездескен сайын бал-балалық жайлы әңгіме қозғаудан еш жалықпайтынбыз. Бірақ, бұл жолғы айтылғандар алқымыма тірелді де тұрды. Біз қалада өссек те, бүгінгі ұрпақтар сияқты ерте есеймеппіз. Бойжеткенше ойынға құмар болдық. Бізде ешқандай мәселе деген болмады. Бар мәселеміз тезірек тамақтанып алып, қараңғы түскенше ойнай беру. Есіміз кетіп, ойынға еш тоймадық. Бүкіл көршінің балалары олардың үйіне келген қонақтарды қоса безілдеп жүгіріп «41 тас» ойнайтынбыз. Құдды бізге медаль беретіндей жанымызды салып жүгіретінбіз. Ертесіне «тығылмашақ»...Көрші үйдің атасы немереліне ылғи «үйге кір» деп ұрысатын. Олар болса қазір ата деп қойып тығылып жүре беретін. Сол сияқты бізді де, яғни құрбым екеуімізді ағам үйге кіргізе алмайтын. Кешке бетімізге бес ит тоятындай кір-қожалақ болып қайтатын едік. Ит терімізді басымызға кигізіп ұрысса да ертесіне дәл сол әрекетті қайталаудан біз де жалықпайтынбыз. 

                                       

    Одан қаса сәнге «штаб» деген ойын кірді. Құрбым көрші қыздардың штабы бар екен Гүлжан давай біз де штаб құрамыз дейтін. Содан талдың ең биік жеріне шығып ыңғайланып жаймамызды жайып, үйден алып шыққан тамақтарымызды жейтінбіз. Қазір ойлаймыз не Құдайдың азабы жырым-жырым болып, талдың үстінде тамақ жеу. Соны үйде отырып та жесек болады ғой. Жоқ бізге ылғи қызық керек болатын. Одан қаса «кукла» ойнадық. Кейін «киндерге» көштік. Ой осы киндер-киндер ойнаудан ешкімге орын бермейтін едік Мөлдір екеуміз. Жанымыз рахаттанатын, соны ойнағанда. «Резинка», «Мак», «Круглоппа» бұл ойындар да бізден қалған. Жұрттар бойжетіп боянып жүрсе, біз деген ұялмай ойнай беретінбіз. Масқара. Одан қалса ауылдағы әр қызға әр баланы жабыстырып қоятынбыз. Жабыстыру демекші, ауылға бір мұғалім көшіп келген еді. Екі ұлы бар болатын. Соның үлкенін Мөлдірдің әпкесіне қосатынбыз. Бір күні біреудің дарбазасына Айгүл+Ербол деп жазып кеттік. Ерболдың кличкасы талтақ болатын. Содан жаңағы жазуды Ұлбосын апай көріп қойып, ой ұрысқан еді. Кейін мектепке барсам, жаңағы мұғалім маған қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен беретін болып шықты. Ай ұялғаным-ай...

   Бүгінде мені көрсе Мөлдірдің ағасы баяғыда киндер-киндер ойнап отырушы едіңдер, сендер де бойжеттеіңдер деп қояды. Ия, уақыт деген өте шықты. Сол күндерді жүрегім қатты аңсайды. Қапысыз, қайран балалық шақ...Біздің кішкентай көшеге кімдер келіп қоныстанып, кімдер одан көшпеді деші...Соның бәріне де біздің қара шаңырақ куә...

   Ең қызығы құрбым айтпақшы біз кездескен сайын бірге ойнаған ұл-қыздарды еске аламыз. Ал олар бізді есіне алады мекен Гүлжан дейді. Шынында әр тарапқа өз жолымен кете барған олар бізді кейде болсын есіне алып отырады мекен?



Бөлісу: