Өлеңдер

Сәбилердің жетпеген зары мыңға

Кетіп жатқан шақалақ қалыбында

Жасанды түсіктерді  жасап жатыр

Көрсетпестен дүние жарығын да

 

Оп-оңай құтылатын баласынан,

Қорқамын осы заман анасынан

Бейкүнә балапандар кетіп жатыр

Жұтпастан бұ дүниенің ауасынан

 

Аңқау әйел, жауапсыз әкелер-ай

Соларға қор боп кеткен бөпелер-ай

Нәпсіге ерік беріп  батыр болған

Шылқыды ма нәпсіден шекелері-ай.

 

 Жүгінген шайтандардың тәсіліне,

Балта шауып Жаратқан нәсібіне.

 Баласын қалай ғана қиды екен

Тастауға күл-қоқыстың жәшігіне.

 

 

 

         ***

Батыстың бабын бағып  мастанамыз

Қазаққа болды мүлде жат санамыз

Араққа тойып алып, қырғын жасап

Батырдың ұрпағы деп мақтанамыз

 

Арақты құшақ жая қарсы аламыз

Ақша көрсек сүйсініп, тамсанамыз.

Араққа тойып алып, бөсіп,көкіп

Шешендер ұрпағы деп жар саламыз

 

Сасық намыс, сасық ой, сасық сыра

Береке де кеткен-ау қашып тұра,

Отбасының аузынан жырып ішкен,

Жоқ шығар бұдан асқан пасық, сірә

 

 

 



Бөлісу: