Вавилондағы ең байы адам

Өткен айда кітапсүйер бір інім кездейсоқ қолыма «Самый богатый человек в Вавилоне» деген кітап ұстатты. Авторы – Джордж С.Клейсон. Кітапты алып жатып күлгенмін, өйткені бір-біріміздің талғамымызды жақсы білетін едік. Ал маған «ақшаны былай жасайды» деп ақылгөйситін кітаптар ұнамайды. Жұп-жұқа кітапты оқып шықтым. Мазмұнын өз сөзіммен айтар болсам:

Қандай жағдай болмасын, табысыңның оннан бір бөлігін бөлек жина; Қосымша табыс көзі келгенге дейін шығынды ретте, шығынға әкелетін нәпсіңді тый; Табысыңның оннан бір бөлігінен жиналған қорыңды пайда әкелетін жұмысқа сал; Анық-қанығын білмейтін (іспен айналыспа) іске ақша салма; Еңбектен.

Жоғарыдағыларды барлығымыз білеміз. Бірақ кітапта бұларды 8000 жыл бұрынғы  қызықты оқиғалар арқылы әңгімелейді. Кітапты оқуға кеткен уақытым зая кетпеді. Өйткені ақшаны қалай ұстау керектігін білетін болсам да, кітап арқылы білетінімді жүйелі түрде ойға бекітіп алдым.

Бұл кітапты барлығына оқуға кеңес бермеймін. Тек ақша ұстай алмайтын немесе қарыздан қарызға батып жүрген адамдар міндетті түрде оқысын дер едім.  



Бөлісу: