Қазақ тілі

Қазақ тілі
жеке
блог

Қазақ тілім

 

 

 Қазақ тілім-мақтанышым,елдігім,

 Сенсің менің-еркіндігім,теңдігім.

                            Қорғап өткен ұлы ақын,даналар,

 Төмендетпек мәртебеңді енді кім?

 

Қазақ тілім,дана тілім-арымсың,

   Жүрегімде лапылдаған жалынсың.

Қазақ тілім-бақытымда,барымда,

    Сенің атың барша әлемге танылсын.

 

   Қазақ тілім кеудемдегі жанымсың,

Мәңгі шырқар қасиетті әнімсің.

     Ұлы Абай мен Мұқағали жырлаған,

   Қазақ тілім басымдағы бағымсың.

 

    Қазақ тілім мерекең құтты болсын,

    Әсем әнмен айналаң нұрға толсын.

           Жылдан-жылға өркен деп көркейіп сен,

  Қазақ тілім-тұғырың биік болсын.