ЖЕТІМ ОЙЛАР #1

ЖЕТІМ ОЙЛАР #1
жеке
блог

. . . таң атқанда адамдардың алдында таңдау күтіп тұрады: яки ұйқыны қайтадан жалғастырып, тәтті түстер көру, не болмаса ұйқыдан тұрып, сол түсінде көрген армандарын жүзеге асыруға ұмтылу.

. . . қалағаныңның бәріне қол жеткізуге болады, бірақ бірден емес.

. . . қай салада, қандай жағдайда болмасын табысқа қол жеткізу жолында біреулер саған сенбей жатса да, өз өзіңе сенуді тоқтатпаған жөн.

. . . өмір ағысында қайығыңның қатты не жай жүзгені маңызды емес, ең бастысы тоқтамай жүзіп келе жатқаның.

. . . өткенімізді жайына қалдырсақ, болашағымызды өзгерту қолымыздан келетін секілді.

. . . уақыт – таңғажайып құбылыс, бір жерге кешіксек – оқтай зулайды, керісінше ертелетіп жетсек – тасбақа секілді аяғын баспай қояды.

. . . достарды өзіміз таңдағанмен, бізге уақыт солардың ішіндегі ең жақсыларын қалдырады. 

. . . дос – құласаң қол ұшын беріп тұрғызатыны анық, ал өте жақсы дос – құлауыңа жол бере қоймас.

. . . асылында жер бетінде желден өткен бай жоқ секілді, шынында көпшілігіміздің сөзімізді де, ақшамызды да, үмітімізді де, махаббатымызды да жел ұшырып алып кететініне қайран қаламын.

. . . хан болсаң да, қара болсаң да ең бастысы адам бола білу.

 

 

(суреттің тақырыпқа еш қатысы жоқ, ұялы телефоннан таңдап қоя салғанмын)