Үлкенге құрмет - кішіге міндет
жеке
блог

Үлкенге құрмет - кішіге міндет

"Жас Отан" Жастар қанатының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы өз жалғасын тауып келеді. Жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жүргізілетін бұл жоба қарияларымызға әр түрлі бағытта көмек көрсетуге бағытталған. 

Бүгін Жәнібек ауданындағы бір топ жасотандықтар Жәнібек аудандық ауруханасымен бірлесе отырып қарияларымыздың үйлерін аралап қайтты. "Бірінші байлық - денсаулық" демекші, аудандық аурухана мамандары қарияларымыздың денсаулығын тексеріп, қажетті дәрі-дәрмектерді ұсынды. Аудан орталығы мен ауыл-аймақтардағы қарияларымызға тегін түрде көмек көрсетілді. Жәнібектік жастардың игі істері мұнымен бітпейтініне сенім білдіреміз. 

1

 

2

 

1

 

Жәнібектің жастары бір мезет қолдарынан күректерін тастап, денсаулықтарын тексеріп жатса, Жаңақаланың жасотандықтары қар күреуге кірісіп кетті. Бүгін "Жас Отан" Жастар қанаты Жаңақала аудандық филиалының жанынан құрылған бір топ жас еріктілер қарияларға көмеккке шықты. Баршамызға мәлім облыс аумағындағы ауа-райының күрт бұзылуына байланысты, көп қариямыздың аулалары қалың қардың құрсауында қалып қойды. 

Үлкенге құрмет көрсетіп, ақысына орнына қариялардық ақ батасын алуды мақсат еткен жастарымыз Сайран Ахметов, Мажит Жаданов, Сайран Жардемова және Напиха Ахметова сынды ардагерлеріміздің үйлеріне барып көмектерін көрсетіп қайтты.

2

 

3

 

4

 

"Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады" - дейді, халқымызды. Кішіге үлгі-өнеге көрсететін қарияларымыздың қатары азаймасын дейміз.


p.s. Игі істерімен өзгеге үлгі боларлық іс атқарып жүрген жасотандықтардық жұмысы мұнымен тоқтамақ емес.