Армысыздар!!!

   Сәлеметсіздер ме Массагет тұрғындары!Шыны керек, 8-айдың шамасы болыпты, массагеттің оқырманына айналғаныма.Міне,сол уақыттан бері массагетті жаныма жақын тұтып келемін.Бірақ, тіркелу,жазба жазу деген ой еш ойымда болмапты.Сонымен, алғашқы жазбамды жазу бүгінгі күннің еншісіне бұйырып тұрса керек.

   Массагеттің орны мен үшін бір бөлек.Массагетпен мақтанамын,шаттанамын.Ай-керім Сматуллаева, Мақпал Сембай, Мейіргүл Оңғарова,Айша Балтахаева, Ардақ Құлтай сынды аға-әпкелеріміздің жазбаларын оқып отырып, қатты сүйсінемін.Сіздер мені әлі жетік танымасаңыздар да, массагеттің әр тұрғыны мен үшін ерекше, жаныма жылулық береді.

  Өзіме келер болсам, мен 1994 жылы жаздың жайма шуақ күнінде киелі Түркістан қаласында дүниеге келдім.

 

  Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде білім аламын.

 

Мінекей, мен жайлы қысқа әрі нұсқа мәлімет осы.

Сіздермен жақсы дос болғым келеді.



Бөлісу: