Оның аты Азия, заты өлең

 

Оның аты Азия,  заты өлең. Атына заты сай Буыршынның бұла қызы. Ол жырға құмар, өнерге құштар жастардың  «әз ағасы ». Қытайдағы Қазақ жастары осылай атайады, құрметтейді.

Қадила Нұрғалиқызы әпкеміз айтқандай әз ағамыз «Фариза ақынның көзін көрген ». Ол Қазақ поэзиясының бір ұзігі. 

Азия тәте елуге келген туған күніңізбен құттықтаймын. 

 

 

 

 

Азия Мағыпер

 

Сол мен едім, мен едім 

 

Құмдауыт жерде ержеткен, 

тобылғы өңді бойжеткен. 

тораңғы теріп жұретін, 

тобықтан төмен көйлекпен. 

 

Төбесі төбел құмдардың, 

белгісі Сақ пен Ғұндардың. 

әжесі айтқан әңгіме , 

кәдесі еді жылдардың. 

 

Құланның ізін қуалап, 

қуанад көрсе дуадақ. 

жыланның жымы кезіксе, 

жылыстайтғыұн жылап ап. 

 

Жабайы өрік теретін, 

жеңімен тосып жел отын. 

тұйе іздеп жұрген жігітке, 

тұйткілсіп жауап беретін. 

 

Сексеуіл дейтін серіні, 

сезімнің етіп серігі. 

сақтады отын өшірмей, 

махаббатының ең ұлы. 

 

құс әнін естіп қиырдан, 

қашатын қара құйыннан. 

ағатын жас боп қиыршық , 

көздеріне құйылған. 

 

Сол мен едім, мен едім, 

қағыр жердің шөбі едім. 

туған жерімінің киесі , 

бораса құмдай өлеңім. 

 

Жыламаймын 

 

Құлшынбасам келгенінше шамамның, 

несібесін сйлар дейсің маған кім. 

бір жігіттен көрген тауқыметімді, 

бір жігітке шағынудан аманмын. 

 

Мен құлымын қиял менен елестің, 

тұлғалы тау, тұнық сулар кеңесшім. 

өмірдегі өзім сүйген жанға да, 

сағындым деп жылап көрген емеспін. 

 

Бұл қайратты оңай-оспақ таппадым, 

тіршіліктің көрдім ызғар-аптабын. 

мұгедек қып жіберетін жігерді, 

мұсыркеуін жек көремін басқаның. 

 

Көз жасыңды төксең дағы сібер қып, 

оңалмайды қырсық пенен жұдеулік. 

жылау деген әйелдегі нәзіктік, 

ал, жыламау әйелдегі бір ерлік. 

 

Жыр және мен


тірлік жолым жыр жолыма қосылып,

белестердің белін келем опырып.

толайым жұрыт бір ескерте кетерім,

жір-деген жыр, мен деген мен,осыны ұқ.

 

Тірлік пе асыл, мен бе асыл,жыр ма асыл,

бұл туралы шешілмеген сыр жатыр.

тірлігіме табынатын талайың,

жырымды оқып жаратпауың мұнда тұр.

 

Жыр жолының тілі тәтті, сөзі анық,

менің жолым бұлыңғыр жол бозамық.

жырларыма сұйіінетін талайың,

мені көрсең жаратпайсың ол анық.

 

Жырды түсін, мейлі мені тұсінбе,

құдыреті тілдің тылсым кұшінде,

жыр жасайды жылдардан да көп ғұмыр,

мен жасаймын қысқа ғұмыр ішінде.

 

Жыр қанатын жырақтарға қағады,

мені іздеген жыр маңынан табады.

кейде жырым он сегіздей албырыт боп,

кейде алпыстай байсалданып қалады.

 

Жыр емеспін жырға құмар нар тәнім,

жырмен бірге жырақтайды қанша мұң.

жылта алуға құдыретім жетпейді-ау,

жырдай сіңіп көкірегіне баршаның.

 

жырларымда сағыныш бар,арман бар,

жырларымда толғаныс бар,талғам бар.

жырларымда махаббат бар,қарғыс бар,

мені жыр деп шатастырып алмаңдар.

 

 

қарғадан сәлем айыттым ! 

 

Астаң-кестең болды аспан аядай-ақ, 

қыялым қар кешеді жалаң аяқ. 

бүрісіп үйде отырып, қалқатайға, 

қарғадан сәлем айыттым алақанат. 

 

Хабаршым бара жатты асығыс тым, 

мазақтап мазамды алды мақұлық түн. 

жалаң аяқ қиялым таптап өткен, 

қан аралас қар суын тасып іштым. 

 

Базарға өзендердің басын ілып , 

қарадық дұниеге қақырынып. 

жер бетінің желігі жеріткен соң, 

жер астынан іздеді асылын жұрыт. 

 

Топқа ергім кеп менің де шекем қызып, 

(шыл бұрауын шындықтың кетем бе үзіп) 

қарғаларға тастап өз өлексесін, 

бөрілер жүр бөктерде бөкен қуып. 

 

Шындық бөрі, қар қиял және бөкен, 

қарға әкелер хабардан дәмелі екем. 

білесің ұлесіңнің қанша екенін, 

заман ақыр міне осы кане десең? 

 

 

Сурет ақынның жеке мұрағатынан алынды



Бөлісу: