"Мерейлі 17 жас" және уақытша сахнадан алыстаған Алишер Қайратұлы

"Мерейлі 17 жас" және уақытша сахнадан алыстаған Алишер Қайратұлы
жеке
блог

«Қайрат Нұртас 2», «Нұртастың ізбасары» деген атқа ие болып қана қоймай, «Алишер нашар әнші» дейтін сынағыштардың тіліне іліккен жас әнші Алишер Қайратұлы 18 қаңтар күні өзінің төл мерекесін тойлады. Ия, дәстүрді бұзып Қайратұлының бұл мерекелі күні өтіп кеткен соң жазылып жатыр жазба. Жас әншінің асылында 17-ге кеше толғанын бірі білсе,енді бірі біле бермейді. Тіпті сенбей бірнеше қайтара сұрап жатқандар қаншама. Жоғарыда айтылған сын сөздерге әншінің жауабы осы дер едім. Ал енді созбай мерекелі 17 жаста болған қызықтармен бөліссем,анығырақ ол күннің маңыздылығымен.

Кішкентай Алишер ағасы Аркенмен.

«Он үште отау иесі» дейді қазақ. Бірақ қазіргі мына заманда он үшті қойып отызға келе тұра орда бұзба алмай, өмірде өз орнын таппағандар қаншама. Мақсатсыз,мұратсыз, тіпті тұрақты жұмыссыз... Бірақ Алишер өзіне керектігін тез аңғара білді. Бірнеше ай ішінде тынымсыз еңбектің арқасында із суытып, сиясын кептірмей бір әннің артынан екінші әнді жалғап, бейнебаяндарын да түсіріп тастады. Туылған күнде бәріміз сыйлық күтеміз. Сыйлықтар толассыз. Ең бірінші әрине көрермендерден. Әсіресе нәзік жанды аруларымыздың көңілдері керемет қой. Әлеуметтік желіні жаулап алған құттықтаулар мен жылы сөздер, арнаулар. Бәрі де жас әнші үшін. Фотолармен жасалған коллаждар, есте қалу үшін емес есінде сақтау үшін деп барынша тырысқан арулар. ..


Атаулы он жеті жаста әнші продюсері мен Алишердің өзіне жасаған ең керемет сыйлығы дәл осы күні халыққа тарту етілген төртінші бейнебаяны еді. Бейнебаян «Ару» атты әніне түсірілді. Алишердің өзге бейнебаяндары секілді бұл бейнебаян махаббат жайында болмады. Бірақ келісемін, әдемі тақырыпқа лайықты «аруымыз» бар, бірақ жанр бөлек. Түрлі бояулармен қорқынышты бейнелерге енген «фриктер» мен «готтар». Айналада толған арам пиғылды артық көздер мен сөздерден жанары махаббатқа,мейірімге толған сол «ару» басты кейіпкерді тығырықтан алып шыға алды құдіретті күш арқылы. Әлемде жамандық атаулының бәрін тек мейірім,махаббат жеңе алады деген мағынады әдемі бейнебаян түсіріліп Алишердің дәл туылған күнінде еліміздің бірнеше арналарында көрсетілді. Ең қызығы,әдетінше Алишер мұынысымен көп әншілер секілді тоқтап қалмады. Әнші -сазгер Арман Дүйсенов пен Нұрлан Еспанов ағаларымыздан жақсы әндер алып жаңа әннің де жұмысына кірісіп кетті. Сонымен қатар, отандық Спорт.кз арнасының әнұранын әріптес аға-әпкелері Қыран тобы, Нұрлан Еспанов және Әйгерім Қалмұратовамен бірге орындап, бейнебаян түсіріп бітті. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей еңбек қылған әншіні осыдан кейін қалай атын атап тұрып мақтамасқа?! Оның үстіне небәрі 17 жасар мектеп оқушысы болса... Мектеп демекші...Осы жайында.


Көпшіліктің назарына! Алишер Қайратұлы 11 сынып оқушысы екенін алдыңғы жазбаларымда айтып кеткен болатынмын. Бір жылда 5 бейнебаян, жиырмаға жуық ән жазып, жеке кештерімен ел аралап үлгерді. Барша бітіруші түлек секілді алдағы үлкен сынақ- ҰБТ-ке дайындығы тағы бар. Әншінің ұстаздары үлкен түсіністікпен қарап, енді «кешірімді» болмасын ашық айтты. Тығыз графиктегі жігітіміз дәл қазір сахнаның машақатын уақытша ысырып, мектептегі сыныптастарының ортасына оралды. Сондықтан уақытша әнші Алишерді үлкен сахналардан көре алмаймыз. Бірақ бұл сахнадан мүлдем кетті деген сөз емес. Алишердің мектеп директоры мен ұстаздарының қатаң талаптары осындай шешім қабылдауға алып келді. Әрі әншінің өзі де мектептегі соңғы күндерінің қызықтарынан алшақтап қалғысы жоқ. Қанша дегенмен алтын ұя мектептен ұшып шығып балалықпен де қоштасамыз. Сондықтан әншінің бұл шешімі әбден орынды деп ойлаймын. Қайта оралмас балалық шағымыз өткен сол парталарда қаншама сәттер мен қызықтар, бастысы әдемі естеліктер бар...


Алишердің әндері мен бейнебаяндарына назар салғыңыз келсе, www.alisherkazakh.kz ,сондай-ақ http://vk.com/idalisher97 және инстаграмм желісінде @alisherkairatuly нигімен тауып көре аласыздар. Жазыламыз, оқимыз және лайық деп тауып «лайк» басамыз)))