Оқып көріңіз)

Сәлем, МАССАГЕТ!...) өзіңеде кірмегелі көп болыпты-ау!.... Бірақ сен өзгермепсің. Мен сені бір күні интернетті ақтарып отырғандағымдағыдай, көзіме бір көрінгендегіңдей әдемі де ,ақылды қалпыңды сақтап қалыпсың. Сенің ішің құдды бір ақылға тұнған қазына секілді маған соныңмен ұнайсың! Бұл жазбаны өзім үшін жазып отырсам да, өзгелерге жариялауды жөн көріп отырмын!... (пікір жазатындар,жетпей жүрген жеріме ақыл қосатындар  бар болар деген оймен)

 Массагет, сен білемісің?

 Менің өмірімде көп нәрсе өзгерді. Мен бүгінгі таңда студентпін!))) өзім Атырау облысынан болғаныммен, Алматыда оқып жүрмін. Ал, ертең "Ақ Жайықпен"(мен мінетін поездың аты)  бірге жолға аттанамыз. Бүгін үйімде бірінші каникулымның соңғы күнін өткізіп отырмын... қимаймын...кеткім келмейді... Бірақ кезінде Алматыға түсемін деп таңдауды өзім жасадым... Енді қолыммен жасаған ісімді мойныммен көтеріп жүрген жайым бар...)

Ол ол ма, Алматыға барған сәтімде үйренісуім қиын болды... Барған соң сол жайттар қайталанама деп қорқамын...қорықпағанда ше?... 1семестр бітпей жатып жеке куәлігімді жоғалттым ғой енді...) Бірақ Алматыға өкпелеуге де болмайды... Ол қала адамды өмір сүруге үйретеді... Соған көзім жетті... Алматы маған 4айдың ішінде мені 4жылға есейтіп, ақыл берді...) Енді соны дұрыс пайдалана білуім керек деп түсінемін. Мен жалпы өмірдегі қиындықтарға көп мойынсына бермейтіндердің қатарынанмын деп ойлаймын деп өзімді. Себебі кішкентайымнан жақсылықта Аллаға "алғыс", жамандықта "шүкіршілік" айтуды үйреніп өстім. 

Достым енді саған күнде демесем де, жиі кіріп тұрамын...) "Негізі айтайын дегенім көп еді, бірақ толқығаннан ұмытып қалдым" дейін бе?...)))) Тойдағы әжелерге ұқсап...)))Шыныменде айтарым бар... Бірақ оның бәрін жаза берсем қызықсыз болып кетеді деген оймен осылайша доғаруды жөн санадым... Көріскенше МАССАГЕТ және МАССАГЕТТІКТЕР!...)



Бөлісу: