1. Сөзің нақты формасын қалай табу керек
» « операторы арқылы сөйлем немесе сөзі тырнақшаға алып іздеңіз. Google сізге тек осы сөйлем немесе сөз бар веб парақты ғана іздейтін болады.
Мысалы: ["Қазақ тілінен ашық сабақ"]
2. Цитатадағы жіберілген немесе есіңізге түсіре алмаған сөзді қалай табуға болады. Барлық цитатаны тырнақшаға аласыз, ұмытылған сөздің орнын жұлдызша * қоясыз. Цитата ұмытылған сөзбен бірге табылады.
Мысалы: ["Ашық аспанда * Ұстаздық"]
3.Кез келген бірнеше сөзді қалай табуға болады
Өзіңіз іздеген сөздерде тік жақша (слеш) арқылы жазасыз
Мысалы: [алма | орман | кітап | Астанада жер учаскесі | тау]
4. Бір сөйлем маңындағы сөзді табу
Іздеуде өзіңізге керек сөздерді & мына таңбаны пайдалана отырып іздеу арқылы іздеген сөздеріңізді байланыстыра отырып мәліметті табасыз.
Мысалы: [Абай ескерткіші & Алматы]
5. Белгілі бір сөзді қалай табуға болады
Іздеген сөзіңіздің алдына +таңбасын қойыңыз таңба мен сөз арасына пробел қойып алыстатпаңыз. Іздеу кезінде міндетті бірнеше сөз енгізесіз.
Мысалы: [Екібастұз қаласы +көмір]
6. Сөзді іздеуден қалай алып тасалады
Іздеудің жауабынан көргіңіз келмеген сөздің алдына (–) таңбасын қоясыз. Осылай бірнеше сөзді іздемеуге болады.
Мысалы: [Ұстаздарға арналған сабақтар -тарих -баяндама]
[Мемлекеттік мерекелер –мұғалімдер күні]
7. Тек белгілі бір сайттарда іздеу қалай
Ол үшін site операциясы жарап тұр. Ол тек сол сізге керек сайттан ақпарат іздейді. Тек site – ден кейін (:) қос нүкте қоясыз.
Мысалы:
[ҚР конститтутциясы site:Kerekinfo.kz]
[Абай шығармалары site:namys.kz]
8. Құжаттың белгілі бір түрін ғана іздеу
Ол үшін mime операциясын қолданасыз. Ол үшін mime (:) қос нүкте арқылы жазасыздар мысалы: pdf немесе doc
Мысалы: [Қазақ рулары mime:pdf]
9. Сайттардағы белгілі бір тілдегі ғана ақпаратты іздеу
Ол үшін land операциясын пайдаланасыздар. Lang-тан кейін қос нүкте қоясызда қай тілде құжат керек екенін көрсетесіз. Егер қазақша ақпарат керек болса kz, орыс тілінде болса ru, ағылшынша болса – en, французша – fr
Мысал: [Географиядан ашық сабақтар lang:kz]
Дерек: Мында