Массагет.кз - жастардың жаршысы

Массагет.кз - жастардың  жаршысы
жеке
блог

Әлқиса. Менің  шындығым. "Сабақты  ине  сәтімен"  деген  тіркес рас -ау... Мен де  тіркелдім  порталға. Массагет.кз  порталын  бұрыннан  білетінмін.  Бірде екілі  дүниеміз  бір танысымның  парақшасы  арқылы  жарық көрді. Мен ескіліктің  сарқыты  болып  қалам  деуші ем... Ақыры, мені  ғаламтор  жаулады. Ғаламтор  менің  ағымдағы  баспасөзге  деген  көзқарасымды  өзгертті. Содан  келе  "Массагетпен"  бүгін  танысып, тіркелдім. Құшағын  айқара  ашып, портал  бауырына  қысты. Әрине, жаңа  технологияны  меңгермей  өтем  деп  ем... Болмады. Мен енді  жаңашыл  көзқарастағы  адам болдым!

Массагет - жастардың  жаршысы. Айтар  ойы бар, жазуға  қабілеті  бар  көптеген  жастардың  ашық  мінберіне  айналғанына  бек  қуаныштымын.  Біздің  Шерхан шайыр  (Талапұлы) осында  жұмысқа  тұрғанына  қатты  қуандым. Осы  жағынан  алғанда, массагет кз. порталы  жас  қалам  иелерін  қолдайтын, көтеретін  портал деп ұғындым.

Не  десекте, жазар  көбейсін!

Жаһандану  дәуірінде  Сіз, біз  болып  ғаламтор  арқылы  әдебиетті  насихаттайық!

Массагеттің  "Үздік"  сайт  болып, топ  жарып  шыққаны  Сіздердей  оқырманы  мен  жанашыр жазбагерлерінің  арқасы, ендеше, әрқашан  жастардың  ақпарат  кеңістігіне  айналған  порталдың  жұлдызы  жарық  болсын!!!