Көңіл айту

Көңіл айту
жеке
блог

Құрметті  Қазақия  елі, өлеңсүйер, әдебиетсүйер  қауым!

Баршаларыңыздың  қазаларыңызға  ортақпын. 75 жылдық  ғұмырында  қазақ  елінің  ары  мен  ұяты  бола  білген  өлең-жүрек, өлең-кеуде  апамыз  әрқашан  "елім" деп  еміренген  жан  болды. Фариза  апамыз  жер  бетінде  қазақ  елі  барда  өлмейді, керісінше, рухы  мәңгі  жасайды. Сізді, жасампаз, өміршең  өлеңдеріңізді  риясыз  ыстық  ықыласпен  ерекше  оқимыз. Енді  Сіз - жүрегімізде, санамыздасыз! Сіз - мәңгілік  жүрегімізден  орын  алып  едіңіз... Ажалдың  жебесі  Сізге  де  тигені  жаныма  мұң  ұялатты. Фариза  апа, Жан  апа, Аяулы  Ана, Поэзия Падишасы  Сіз енді бізбенен. болашақ  ұрпақпенен  бірге  жасай  бересіз.

Хош, қайырлы  қаза  болсын! Жасаған  Иеміз  жәннаттың  төрінен  орын  берсін  апамызға.