Студенттердің мәдени және білім деңгейін көтеру үшін «100 кітап» жобасы әзірленді, оның аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті оқуға тиіс үздік отандық және әлемдік классиктердің шығармалары таңдалды және тізімі құрылды. «100 кітап» жобасын жүзеге асырудың алғашқы жылы университет студенттерінің кітап оқуға деген құмарлығы артып келе жатқанын байқатты. Бұл жоба аясында университетте тек кітап оқылып қана қоймай, түрлі іс-шаралар, ғылыми конференциялар, студенттерге ашық тәрбие сағаттары өткізеледі. Жоба аясында 2021 жылдың 13 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасында инновациялық жобалар шеңберінде тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру бойынша «ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Диуани хикмет - қазақ халқының орта ғасырдағы тарихи - рухани ескерткіші» - атты республикалық онлайн студенттік конференция ұйымдастырылды.
ҚазҰУ-нің дінтану және мәдениеттану кафедрасының философия ғылымдарының докторы, профессор Байтенова Нағима Жаулыбаевна конференцияны ашып кіріспе сөз айтып, конференцияны бастап берді. ҚазҰУ-нің конфликтологиядағы діни бірегейлік мамандығының 1-курс магистранты Қақан Жансая конференция барысында ұлы тұлға Қожа Ахмет Яссауидің ұлы шығармасы жайлы жалпы ақпарат жасады. Конференцияда Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» еңбегі және оның мазмұн-мағынасы, түркі халықтарына соның ішінде қазақ халқына оның ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты тұстары туралы көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің бүгінге дейін жинақталған толайым деректер базасы, еңбектің қазақ тіліне аударылу жағдайы, олардың ерекшеліктері жайында айтылды.
Келесі спикерлер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтанану мамандығының 3 курс студенттері. Олар Қ.А Яссауидің өмірбаяныны жайлы тың ақпараттар айтты, сонымен қатар Диуани хикмет еңбегінен керемет үзінді оқыды
Бакалавр стунденттері ойларын аяқтаған соң Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1 курс магистранты және Нұр-Сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы, "Versus" жас дінтанушылар ассосациациясының негізін салушы Қуатов Арулан Диуани хикмет еңбегі туралы және Яссауи ілімінің қазақ халқының танымына, мәдениетіне әсерін, орнын сөйледі.
Магистранттар сөйлеп болғаннан кейн әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доктаранты Хумархан Жанболат ағамыз Диуани хикмет еңбегін Түркия еліндегі маңыздылығы және мәнімен таныстырады, Яссауи бабамыздың сопылық ілімі түркі халқына қалай таралғаны және оның дервиштері басқа елдерге сопылық ілімін қалай дәріпдтегені жайлы айтты.
Конференция барысында Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD, доценті Кайрбеков Нурлан Ефратович Сопылық ілімдегі Диуани хикмет енбегінің мәні жайлы ашып айтты, Диуани хикмет еңбегінде әлі ашлылмаған сырлар барын және ол сырды жас ұрпақ тоқтатпай тереңірек етіп зерттеу қажет екенін айтты.
Конферецияның тағы бір қатысушылары Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, Дінтану кафедрасынан доцент м.а. PhD Дүйсенбаева А.Қ, Яссауи мұраларының құндылығы, ол құндылық өмір бойы құнын жоғалпайтынын айтты. Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, Дінтану кафедрасының 3 Курс студенті Хибадат Жақсылық Диуани хикмет еңбегін дінтанулық тұрғыдан түсіндіріп, Хикметтен керемет, мәнерлі етіп хикмет жолдарын оқыды.
Конференцияның қызу өтуіне үлкен үлес қосқан қатысушылармыз Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті. Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, PhD Камалова Фэриде Болатқызы өзінің студенттерімен Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 1-курс студенті Балғараева Назым, Сейткамалова Нурсауле
Конференцияның сонында өзіндік әсем ойлармен сөз сойлеген қатысушылармыз, Қарағанды университетінің Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы, Доктор PhD (дінтану) Тунинова Нургул Ерканаткызы Қ.А Яссауи бабамыздың Диуани хикмет еңбегі асыл мұрамыз екенін және оны әрдайым ұлықтап отыруымыз қажет деп сөйледі. Ұстазаның ойын жалғастырған Тусупова Назерке, Қарағанды университетінің заң ғылымдарынынң магистранты.
Конференцияны философия ғылымдарының докторы, профессор Байтенова Нағима Жаулыбайқызы өзінің шәкірттері Диуани хикмет еңбегін жарыққа шығарған керемет кітаппен конфренцияға қатысушыларды таныстырды, сопылық ілімінің және Диуани хикмет еңбегінің қалыптасуының маңыздылығы жайлы түйінді ойларымен тәмамдады. Конференция соңында қорытынды ойлар айтылды.
Конференцияға ҚазҰУ-нің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы Дінтану мамандығының доктаранты Самет Байжума, Батыс Қазақстан облысы, Дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталғының» дінтанушы маманы Калимуллиева Заруа, Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің статисті Бастемиева Камила, Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті студенттері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері, Қарағанды университетінің студенттері,
Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранттары, ҚазҰУ-нің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы Дінтану мамандығының доктаранты Самет Байжума, ҚазҰУ-нің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы Конфликтологиядағы діни бірегейлік мамандығының 1-курс магистранттары, ҚазҰУ-нің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы дінтану мамандығының 1-курс магистранттары; М. Әуезов Атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті студенттері, С. Сейфулин атындағы қазақ агротехникалық университетнің студенті.
Конференцияны ұйымдастырушы: ғылыми жетекші, философия ғылымдарының докторы, профессор Байтенова Н. Ж., педагогикалық практика жетекшісі, ҚазҰУ-нің дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Мейрбаев Б.Б., ҚазҰУ-нің конфликтологиядағы діни бірегейлік мамандығының 1-курс магистранты Қақан Жансая.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ғылыми жетекші: филос.ғ.д., профессор Байтенова Нагима Жаулыбайкызы
Философия және саясаттану факультеті,
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы,
«Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандығының 1-курс магистранты
Қақан Жансая Сәуірбайқызы;