100 жасқа жеткен кәрілердің ұзақ өмір сүру туралы 7 кеңестері

Қазіргі күнде, дүниеде жастары 100-ден асқан 108 адам бар. Солардың ішінде ең үлкені, 109 жастағы Қытай елінің тұрғыны, Чжоу Югуан. Тарихта жастары 130-ға жеткен адамдар да бекітілген. Сонда 100 жасқа жету үшін не істеу керек? Осы сұраққа ұзақ өмір сүрушілер 7 даналық кенестерін берді:

№1. Дене шынықтыру 

Дүниедегі ең кәрі адамдар қарқындығы аз дене шынықтыруымен айналасады. Олар белсенді жаттығулар жасаумен айналаспаса да, күнедлікті өмірде қозғалыссыз жүрмейді. Лифтінің орнына баспалдақты, машинаның орнына велосипедті қолданып физикалық жүктемені көтеруге болады.

 

№2. Калория қолдану мөлшерін азайту 

Ең бастысы тамақты өлгендей тойып жемеу керек. Тек асқазанның 80% толтырып тамақтану пайдалы болып табылады. Ол үшін үлкен ыдыстан кішкентай ыдысқа көшу керек. Ұзақ өмір сүру үшін ауыр тағамдарды күннің бірінші жартысында жеп,  жеңіл-желпі тамақтанбау және тағамдарды асықпай жеу керек екен.

 

№3. Босаңсу және күйзелуді төмендету

Барлық ұзақ өмір сүрушілер күні бойы, адамдармен қарым қатынасып, күнделікті мәселерді ұмыту үшін өздеріне кішкене бір үзілістер жасайды. Осындай үзілістер адамның көңіл-күйіне және хал-жайына жағымды әсер береді. Қазіргі кезде адамдар күйзелуді төмендету және босаңсу үшін йога немесе медитациямен айналасады. Егерде бұл жаттығулар сізге ұнамаса, сіздің күнделікті уайымдарыңыздан аударатын кәсіп табуыңыз жөн болады. 

 

№4. Күн

Адам баласы күн астында жүретін болса оның ағзасы Д витаминін көп өндіреді. Д витамины адамның сүйегінің қатаюына және жалпы ден-саулық жақсаруына үлес қосады. Осыған қоса, Д витаминінің жетіспеушілігі остеопороз және журек ауруларына шалдықтырады. Сондықтан күніне 15 минуттан күннің астында жүру шипа болады. 

 

№5. Наным

Ұзақ өмір сүрушілердің барлығының нанымдары бар. Қандай дінге бағынуыңыз маңызды емес, ең бастысы сену. Діни адамдар көбінесе ден саулыққа пайдалы әдеттерді ұстанады, және де дін арқылы босаңсуды біледі.  

 

№6. Анық мақсат

Аурулардың төмендетуіне үлес қосатын, адамды таңертен тұрғызатын өмірлік мақсаты болып табылады. Не жұмыс, не әуес іс болсын, ең бастысы адамды алға жүргізетін, өмір сүруге қуат беретін зат болу керек. Жаңа заттарды жасауға қорықпаңыздар, жаңа мақсат қоя біліңіздер. Жаңа оқулардың барлығы мидың жаттығуына үлес қосады.    

 

№7. Отбасы 

Ұзақ өмір сүрушілер өздерінің өмірлерін Отбасының айналасында құрады. Өз балаларымен тұратын кәрілердің ден саулығы жақсырақ болып келеді. Себебі, олардың тағамдануы дұрыс, күйзеленулері төмен. Олар ауруға сирек ұшырайды, сәтсіз оқиғалардан аулақ болады.

 

Сондықтан, қазіргі кезден бастап ден саулыққа және Отбасымызға ілтипатымызды аударайық. Ұзақ ғұмыр жасайық, ағайын!



Бөлісу: