№10. Қалыңдық күнделігі: Басылған капуста жейміз))
блог
Шынымды айтсам бұл салаттың атын білмеймін. Бірақ, біз үйде басылған капуста деп атаймыз. Білетінім, мамам кішкентай кезімде осы салатты жасайтын, сонда капустаны суық тұзды суға 1-2 апта бастырып қоятын. Сол 1-2 апта тұрғаннан кейін барып салатты жасап, одан тағы 1-2 күн сіңу үшін тұратын.
Қазір мама ең оңай жолын тауыпты. Кеше сол салатты басуды маған үйретті. Қарның ашып келгенде өте күшті салат, нанға қосып жеп алсаң тамақ піскенше қарның тоқ жүреді. Андай ащщы су ішетін кісілер де қатты ұнатады)).
Ең алдымен салаттың салмасын қамдап аламыз. Салаттың ортасына жағу үшін жазда дайындаған кобраларыңыз (біз өзіміз солай атап кеткенбіз енді) болады. Мынандай:
Егер ондай кобра дайындамаған болсаңыз Цинказдың кобраларын қолдана беріңіз. Бірақ дәмі өзіңіз дайындаған кобрадай емес.
Сонымен, суды қайнатып капуста 6- ға бөліп аламыз.
Негізі дәу капусталарды таңдап алған жақсы. Арасына салма салғанда қабаттарын ашқан оңай.
Қайнап тұрған суға капустаны жұмсарғанша бір қайнатып сүзіп аламыз. Сүзіп алғасын суы құрғайтындай етіп қойып қоямыз.
Сонан кейін жұмсарған әр капустаны алып арасын ашып кобрадан жағамыз.
Әр қабатын ашып жағып болғасын эмалированный кастрюльге теріс қаратып тізіп ретпен саламыз.
Тізіп бәрін салғасын 0,5-1 күнге жаққан кобраңыз капустаға сіңгенше суық жерге қойып қоямыз. Жалпы салатты суық жерде немесе холодильникке сап сақтаған дұрыс.
Дастарханға саларда жеуге ыңғайлығып кесіп - кесіп реттеп қоясыз. Жалпы құрғақ тамақтармен ұсынған жақсы. Астарыңыз дәмді болсын!