1 - Мамыр Қазақстан Халқының бірлік күні
блог
2021 жылдың 1-ші және 2-ші мамыр күні ГМ-172/10 мекемесінде жазасын өтеуші сотталағандар арасында 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі ынтымағы мерекесіне орай мәдени және спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шараның ашылуы ГМ-172/10 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Аглепесұлының құттықтау сөзімен басталды.
Шаруашылық жасақтың жазасын өтеушілер Л.Вильданов пен Е.Абиев мерекелік іс-шараны жүргізді. 1-мамыр мерекесінің шығу тарихы бойынша түсіндіру ақпараттық бейнеролигі көрсетілді. Іс-шарада шаруашылық және оқшауланған аймақтағы жазасын өтеушілер А.Тұрлыбаев, Ж.Байтурова, Қ.Ұзақұлы, Ж.Ажмамбетов 1-мамыр мерекесі туралы өлең шумақтарын айтты.
Іс-шарада видео-проектор арқылы экранда викториналық сұрақтар қойылып жазасын өтеушілер жауап беріп отырды.
Жазасын өтеуші сотталған А.Канашев Украйын халқы туралы, Л.Вильданов Татар халқы туралы, А.Медагулова Қырғыз халқы туралы, Е.Еламанов Өзбек халқы туралы, К.Сартов Орыс халықының тілін, дінін, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрыпы туралы айтып өтті. Сонымен қатар қазақ әдебиеті, дін туралы, қазақ хандығы туралы сұрақ жауап ойындары ұйымдастырылды.
2021 жылдың 02 мамыр күні спорттық іс-шара өткізілді. Спорттық іс-шарада жазасын өтеушілер, яғни «ЖасАлаш», «Адай серілері» атты 2 топқа бөлініп жарысты. Жарыс эстафета, үстел теннисі, шахмат гір тасын көтеру, қол күрес, ойындары ұйымдастырылды. Жарыста жүлделі орын алған командалар марапатталды.
Іс-шара соңында мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Е.Аглепесұлы жазасын өтеушілерді 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтап, жазасын өтеушілерге мерекелік іс-шараға белсене қатысқандары үшін алғысын білдірді.