1991 жылы 1 желтоқсанда Бүкілхалықтық сайлау нəтижесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Əбішұлы тұңғыш президенті болып сайланды.
Бұл күні елімізде көптеген шара ұйымдастырылып, мейрам ретінде, еліміздің əр аймақтарында аталып өтіледі. Биыл Тұңғыш президент күніне, жəне де Тəуелсіздігімізді алғанымызға 26 жыл.. Осынша жыл Тəуелсіз мемлекетті басқару оңай емес.
Елбасымыз ақылы мен қайратын, жігерін, ірі саясаткер талантымен, ел басқару ісіндегі мол тəжірибесімен ұштастыра отырып, елдің бірлігі, халықтың тыныштығы, мемлекеттің Тəуелсіздігі мен қадір қасиетін артып, еңбек етіп отыр. Елдің, мемлекеттің ақыл-ойын байытуға, абыройын асыруға, ар-ожданын ардақтауға қызмет етті жəне қызмет етіп те келеді.Біздің осылай тыныш, қолайлы əрі еркін өмір сүруіміз Президент Н.Назарбаевтың арқасы. Салтанатты жарасқан қалалары бар, ұшан-теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізбен жəне Елбасымызбен мақтан етеміз! Н.Назарбаев біздің мақтанышымыз!