1-Евразиялық арнасы жайлы бір ой...

Қазақ тілі мәселесі көтерілсе бізде жан-жағымызға қарап барлық жерден қазақ тілінің жетіспеушілігін сезініп қаламыз... Ақпарат көзі болып табылатын теле арналар мен арнайы тақырыптық сайттардың қазақ тілді болса ғой деген ой көп мазалап кетеді. Дегенмен, қазір көп арналар қазақ тіліне үлкен мән беріп, қазақ тілді бағдарламалармен қоса сериалдарды қазақ тіліне аударып қана қоймай қазақ тілінде қазақ тарихынан сериалда түсіріп жатқанын көріп жүрміз... Кейде ойлаймын, бар нәрседен кемшіліктер ғана емес, артықшылықтарында байқап, бөлісе жүрейікші деп. Сондай бір арнаның бірі 1- Евразия арнасына тоқталғым келеді. 

Мен осы уақытқа шейін 1-Евразиялық арнасын Ресейлік арна деп келгем. Білуімше, халықаралық атқа ие Қазақстандық арна екен. Иа, ресейлік арнаның бағдарламалары көп көрсететіні рас. Дегенмен, қазақ тілді контентті көбейтіп келе жатқандары байқалады, жаңа жылға дейін қазақ тілді бағдарламалар санын 50 пайызға жеткіземіз дейді. Соңғы кезде осы арнаның қазақ тілді жаңалықтарын үзбей қарайтындардың бірі болдым. Себебі, көп арналар сияқты халықтың қамын жасап жатырмыз деп кейбір адам шошырлық тақырыптарды ойлап таппай барынша ашық, шынайы, еш әсерлеусіз жеткізулері ұнайды. Екіншіден, нақты халық қойған сұрақтарды облыс әкімдеріне қойып, сол істің орындалуын қадағалаулары ұнайды. Үшіншіден, жаңалықтарын жүргізетін журналистердің сауаттылығы мен өздерін ұстаулары ұнайды.

1-Евразиялық арнасының кейінгі кезде қазақ тіліне үлкен мән беріп жүргенін соңғы бағдарламаларынан да байқауға болады. Маған "Караоке Taxі" мен "Ду, қол шоколад" бағдарламалары ұнайды. Ең ұнаған нәрсе менің сүйікті киноларымның бірі "Большая перемена" киносын қазақ тіліне аударғандары. 

Менің бүгінгі 1- Евразиялық арнасына жасаған сапарымнан ұққаным осы болды. Дегенмен, маған ең ұнаған нәрсе  қазақ тілді контентті көбейтуге деген құштарлықтары. Жақсы мамандардан қазақ тілді жақсы бағдарламалар күтетінімді жасырғым келмейді... 



Бөлісу: