1/90

1/90
жеке
блог

Зырылдап, міне, бірінші күн де өте шықты. Бәрін рет-ретімен баяндап берейін.

Бұл күн басқа күннен өзгерек болды. Күн тереземнен сығалай қарап, өз сәулесін шаша бастады. Мен де бұл табиғат тамашасына тамсанып, керіле ұйқымнан ояндым. Бұл таңғы сағат 6 еді. Сағаттың шырылынан бұрын оянғаныма мәз болып,  үй шаруасымен айналысып кеттім. Эхх... бұл бір тамаша фильм сценарийінің басына ұқсайды ма, қалай?! Кішкене асыра сілтеп жібердім.

Негізі, ояна салғандағы түрім мынандай болды:

Sleepygirl

Тұра салысымен поштамды тексеретін жаман әдетімнен болар, қолым еріксіз телефонға ұмтылды. Кешкі берген уәдем мен Дядь Коляны есіме түсіріп, шаруаларыма кірістім.Үстелде жатқан телефоным бір қимастық сезіммен қарап тұрған секілді болды да тұрды. Әдетте таңғы ас ішкенде қосатын теледидарды көрмедім. "Өлімнен, ұят күшті" демекші, бұл- өте үлкен күрес болды. Өз-өзіммен, ішкі ерік күшім сыналатын күрес. Бүгінгі күрес жеңімпазы-МЕНМІН!

Қандай кітап оқитынымды шештім. Аты- Atlas Shrugged (ор. Атлант расправил плечи, қазақшасы бәлкім Атлант қанатын жайды), авторы Айн Рэнд. Шетелдік кітаптарды түпнұсқа тілінде оқығанды ұнатамын, сол себепті ағылшын тілінде. Бұл роман 1957 жылы жарық көрген, американдық жазушы әйел Рэндтің соңғы туындысы. Бұл роман 3 кітаптан тұрады. Өте ауқымды. Алғашқы 263 беті қызықты. Қызықты бола түседі деп үміттенемін. Кейбір оқырмандар бұл туындыны 20 ғасырда жазылған "Кәсіпкерлік Библиясы" деп те атайды. Қалған бөлігін сосын айтып беремін.

Sleepygirl1

Алдыма қойған мақсаттарымның бірі- күні бойы өсек айту, негативті ойлардан құтылу болатын. Ең қиыны осы болды. Қырсыққандай, құрбым хабарласып, бір таныс қызымызға ренішін айтып, жамандай жөнелді. Бұл жағдайда не істерімді білмедім. Бәлкім, бір күн бұрын хабарласқанда, мен де жамандаушы ма едім, кім біледі?! Үндемей тыңдап тұрғым келмеді, себебі, кез-келген негатив басқа негативті әкеледі. Осы эксперимент жайлы айтып, түсіндірдім. Түсінгендей болды. Бірақ, 3 ай қалай шыдайсың, шыдамың таусылып бара жатса, хабарлас деп, тұтқаны қоя салды. Бір дауылдан құтылдым дегенде, бір жарым сағат көлік кептелісінде тұрдым. Мұндай жағдайда сабырлық танытатын адамдарды орденмен марапаттау қажет деп есептеймін.

trafficpic

Бүгінгі күннің жаңалығы осындай. Ал мен, кітабымды оқуды жалғастыруға кеттім.

Түн ұйқыларыңыз тыныш болсын!

1/90

Sleepygirl2