Перзент үні
Бойына жиып алған бар асылды,
Мейрімі мамырдағы дала сынды.
Сәні де сымбаты да жарасымды,
Сабырға айналатын бар ашуы,
Сүйемін мен шексіз анашымды.
Көңілі кәусәрдің мөлдіріндей,
Сәбиге сезімі болды күндей.
Тәттісің тағдырымнын тарту еткен,
Жүрегін жер шары кеңдігіндей.
Өзіне өміріммен қарыздармын,
Өсірдін сездірмей жан ызғарын.
Шырылдап жаным кейде қысылғанда,
Кеудеме керім үміт тамызғанын.
Ойымды айтпай білген нағыз ғалым.
Биікке ұшып бүгін балапанын,
Шаттықпен атқызып жүр дала таның.
Санама сәуле жаққан ақылынды,
Аңыз ғып бар әлемге таратамын.
Дертіме дауа болар алақанын.
Емберд і Байжан