Заман талабы - балабақшадан...
Тыныштық.Шағын бөлме.Тек тырсылдаған дауыстар ғана естіледі.Бұл нендей жұмбақ дерсіз бәлкім? Иа, иа бұл компьютер сыныбы. Жо- жоқ тек мектеп емес. Шындығында біреулер үшін таңғаларлық, бәлкім таңданарлық, ал кей біреулер үшін мүлдем жат көрінер. Бірақ, шындығы осы. Бұл жұмбақтың шешуі, Қарағанды қаласының 23- ші ықшам ауданында орналасқан «Балдырған» балабақшасының компьютер сыныбы.Өз көзіммен көріп қайттым.Заман талабына сай етіп жасақталған бүлдіршіндер үйінде балалардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алатын түрлі кешендер жұмыс істеп тұр. Толығырақ балабақша директоры Елена Анатольевна Шестаковамен болған сұқбатымызда өрбітетін боламыз.
- Сәлеметсізбе Елена Анатольевна!Өз басым, сөз басын жағымды жаңалықтармен бастағанды жөн санаймын. Балабақшаңыздың басқа балабақшалардан ерекшелігі қандай? я артықшылығы десем де артық етпес?
Сәлеметсізбе! Кім болсада өзімдікі дегенде өзегі талып, өзгеден артық көретіні анық әрине.Десек те менің қазіргі айтарым ол асыра сілтеушілік емес.Бүгінгі күні балабақшамыздағы 375 бала 11 топқа топтастырылған, оның үшеуі қазақша тәрбиеленсе, сегізі орыс топтарының тәрбиеленушілері.Бізде балаларға барлық жағдай жасалған. Түрлі сауықтыру кешендері оның ішінде: күн сайын бүлдіршіндердің игілігі үшін, талаптарға сай етіп жасалынған бассейн жұмыс істейді.Балалардың ән салып, іс шараларға қатысуына мүмкіндік беретін ән –күй залы,салауатты өмір салтына бағыттайтын спорт залы, асхана, сонымен қатар ерекше безендірілген, айрықша айтып өтуге тұрарлық, халқымыздың құндылықтарын насихаттайтын,бүлдіршіндер санасына рухани қасиеттерді дарытатын қазақ тілі сыныбы да бізде жоғары деңгейде жұмыс атқарады.Қолөнер үйірмелерімен қатар, балабақшамыздың кіре берісінде өнер туындыларымен безендірілген қысқы бақтың көрінісі іспеттес үлкен алаң бар.Келген ата –аналар құр кетпей балаларының өнерлеріне тәнті болып, керемет көңілкүй сыйлауға да жағдай жасалынған. Ерекше ескеруге тұрарлық, жоғарыда айтып өткендей ерекшелігіміз десем де болады ол, біздегі компьютер сыныбы.Сонымен қатар біз Қарағанды қаласындағы балабақшалар арасындағы көрсеткіш бойынша 2 орында тұрмыз.Бұл біз үшін әрине үлкен жетістік, еңбегіміздің еш кетпегендігі деп білемін.Айта берсек жеткен жетістіктеріміз аз емес.
-Бәрекелді! Ата –әжесінің тәрбиесін көрмей балабақшада тәлім алуларына көндікті, ендігі кезде қуыршағын компьютерге аламастырған баланың болашағына аландаушылық бар.Осының балаға қаншалықты қажет екендігіне тоқталсаңыз?
Баланы компьютермен жұмыс істеуге ертерек бейімдеу оның жеке тұлғасын дамыту тұрғысына да,әлеуметтік өмірге бейімдеу жағынан алғанда да оң сипатқа ие. Қоғамның ақпараттандыру жағдайында мектепке барған бала есептеу техникасын қолдануға дайын болулары керек екен.Бұдан шығатын бір жол ол, мектепке дейінге ұйым базасына компьютерлік сыныптар ашу болып табылады.Бізде 10 портотивті компьютермен жабдықталған сынып жұмыс жасайды.Қазіргі заман талабына сай әрбір үйде кемінде бір компьютердің бары анық әрине, әлбетте баланың қолданатындығы да шындық.Бірақ бір кемшіл тұсы ата- аналар бүлдіршіндеріне оның қауіпсіздік ережелерін, жұмыс істеу техникасын үйретпейтіндігі.Тек «мазаны алмаса болғаны» деген оймен «заманауи ойыншықты» баланың құзырына беріп қояды.Ал біз осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында жұмыс жасаймыз.
- Компьютерде сабақ өткізу тәсілдері мен ерекше есепке алатын жағдайлар жайында айтып өтсеңіз?
Сабақтарды әзірлеу кезінде балалардың жас мөлшеріне қарай психикалық және дене ерекшеліктері есепке алынады.10 адамнан тұратын шағын топтармен жұмыс істеу уақыты 25- 30 минутты құрайтын 3 кезеңді қамтиды.Олар: дайындық, негізгі және қорытынды бөлімдері.Бұл кезеңдерде сабақ сюжетіне тереңдей ену, сол арқылы нәтижеге қол жеткізу және көз бен дененің ширығуын бәсеңдетуге машықтандыру арқылы бейімдейміз. Бағдарламаны зерделеу нәтижесінде балалар келесі аталғандарды білетін болады:
-Компьютерлік сыныптағы қауіпсіздік ережелері мен атқаратын қызметтерін;
-Компьютердің негізгі бөліктерінің атаулары мен атқаратын қызметтерін;
-Шынайы және жалған пікірлер ұғымын;
-Симметрия түсінігін;
- Бүлдіршіндерге компьютерлік тапсырмаларды орындату кезінде қандай қиындықтар кездеседі?
Еш нәрсе қиындықсыз болмайды ғой. Компьютерлік сабаққа тек үлкен топтың яғни, 5,6 жастағы балалардың ғана қатысуына рұқсат етілген.Тілі жана былдырлап шығып келе жатқан сәбиге ереже үйретіп, қауіпсіздік шараларын сақтату былай тұрсын, «тыныш отыр» деудің өзін ұқтыру қиынның қиыны.Ал енді өзіңіз ойлап қараңыз.Тінтуір мен перне тақтаны дұрыс басқызудың өзінде,үлкен қулықтарға баруға тура келеді.Бұл тұрғыда балабақшамыздың тәрбиешілеріне айтар алғыс шексіз.
- Сіздер үшін балабақша өміріндегі ата – ананың алатын орны қандай?
О не дегеніңіз?!Тоғыз ай перзентін құрсағында күткен әрбір ата- ана біздің жоспарда бірінші орынды иеленеді.Біз олармен тығыз байланыстамыз.Бауыр еті баласын сеніп тапсырған үш жүзден артық ата – анамен жеке жұмыс жасалып, олардың ой пікірлері, ұсыныстары әрдайым ескеріліп отырады.Олардың айтуынша балалары ертенгісін балабақшаға барғанша асығатын көрінеді.Әрине мақтау, мадақ есту кімге ұнамасын.Біздің мерейімізді үстем ететін де жылы лебіздері мен алғыстары гой.Біз балдырғандарымызды өз балаларымыздан кем көрмейміз.
- Отбасынан кейінгі бала тәрбиесіне жауапты саналатын балабақшаның алатын орны ерекше. Осындай жауапты мамандық иесі атанып отырған сіздерге артылар жүктің ауыр екенді анық.Тәрбиелеген бүлдіршіндеріңіздің ақылды, алғыр, иманды болуын тілеймін!Сұқбатыңызға рақмет!