" Туған тіл тұғырлы бол "
Бұл күндер жүргені бір күйім келмей
Көңілде сұрау белгі иілгендей
Отанында орақ тілі мылқауланып
Қалармысың қазақтың бір сыйын көрмей
Шаттағың мен қайғыңмен көңілдегі
Жетелеген жанталас өмір легі
Сынықтан сылтау тапқан сайқал заман
Шырт-шырт сынып шындықтың шеміршегі
Төрелер туған тілін жетім деген
Шындығым — ол шараны шетінеген
Өзекті жарып шыққан шын үніммен
Ана тіл, ана тіл деп өкір ем
Жүректің тұрсадағы маздап үні
Тұтқын ба едің тұғырсыз қазақ тіл
Тіл үшін тағдырында құрбан қылар
Бақытты екен авардың Ғамзатовы
Жиырма жыл тәуелсіздік ту ұстадың
Жаратым кез жетті ғой қылыш қабын
Бірлігіңді ұйыған қалар сақтап
Бір тілде түсінісіп ұғысқаның
Өресіздік тарылып өрісіңде
Ойран сап өз жауың өз ішінде
Тілім деп толғанбайтын тоң мойындар
Жандарын ауыртпайды ел үшінде
Датым бар орыс ойлы ұлығыңа
Шын үнің шықсын қаннан суырыла
Қап түбінде көп жатқан алдаспан тіл
Қонғайсың хан тағындай тұғырыңа.