♥ Тілеуімді ұмытпашы! Шөлдедім...

♥ Тілеуімді ұмытпашы! Шөлдедім...
жеке
блог

Таңғажайыпқа сенсең, түптің түбінде орындалады. Алдыңғы күні тілейсің. Бүгін "Қайда? Қалай сонда" дерсің. Ертең уысыңа қайдан тап болғанын түсінбей қаласың.

♥ ♥ ♥

Өзі бос бола тұра, шаруасын бос емес адамның мойнына іліп қою тым жаман. Атқара алмасын біле тұра бас тарта алмау одан да жаман.

♥ ♥ ♥

Жүректесі болмаса да, тілектесі болуға жарап қалар. Сезіну түйсігі жақсы. Себепсіз болса да, күткендер келеді.

♥ ♥ ♥

Барлығы бұрынғыдай секілді, бүгін мүлде бөлек... Кеше қалай болғаны? Бүгін ше? Бәрі жақсылыққа...

♥ ♥ ♥

Жалғыздықтың да түр-түрі болады. Үмітті жалғыздық бар... Жақындағы алысыңның жанында жүріп жалғыз болу бар... Соңғысынан сақта!

♥ ♥ ♥

Оны да мен ғана түсінетін тәріздімін. Түсінбейтінім, не кедергі?

♥ ♥ ♥

Адам ұйқысы қанбағанға ашуланса да, неден жынданып тұрғанын өзі ұқпастан, жанындағы адамды әлденеге кінәлағысы келіп, жынын солай шығарғысы кеп тұрады. Тек жанындағысы – жары болмасын. Жұбайлық өмірде екеуі үнемі бір-бірінің көңіліне қаяу түсірмеуді ойлауы керек. Мәңгілік махаббаттың бастауы осы болар, бәлкім!

♥ ♥ ♥

Бос әурешілік те ең жаман сезімдердің бірі.

♥ ♥ ♥

Өмірлік көзқарасың сәйкес келмесе қиын.

♥ ♥ ♥

Таңғажайыбым... ертегі әлемім... Әр күнде жаңа қырыңнан ғашық ете бер. Кемшілігің көп болса да бас тартпаймын. Махаббатыңмен матап таста! Сезімімен шиелеп, түйіп таста!

♥ ♥ ♥

Бәрін-бәрін ашып айта салғың келеді. Аузыңа құм құйылып қалады. Айтқың келгеннің маңызы жоқтарын да ұмытып қаласың. Айналып келгенде, мүлде қатысы жоқ өзге әңгімеге ауамыз.

♥ ♥ ♥

Біреудің жанында жүрсең, көп нәрсе жұқпалы.

♥ ♥ ♥

Бәрін қойшы! Тілеуімді ұмытпашы! Шөлдедім...

♥ ♥ ♥

Не ойлап отырсыз?