Технологиялық парктер
блог
Технологиялық парктер – заманауи инновациялық экономиканың маңызды элементі. Бүгінгі таңда елдің толыққанды инновациялық қызметі ғылыми және инновациялық орталықтар мен парктер, идеялар инкубаторы, алдыңғы қатарлы технологиялар орталықтары, технологиялық полистер, сараптамалар сынды жаңа аймақтық шаруашылық құрылымы негізінсіз дами алмайды. Олардың бәрі әлемнің жетекші индустриалдық аймақтарында жасалып, мамандандырылған инновациялық құрылым негізін құрайды. Технопарктер өндіріс пен ғылымды барынша жақындастыру жағдайында ғана мүмкін болатын, республикамызда құрылған ұлттық инновациялық жүйенің негізін қалаушы элемент болып табылады.
Соңғы он жыл ішінде елімізде 10 астам технопарктер жұмыс істеуде. Солардың ішінде, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің аумағында ғылыми-технологиялық парк сәтті жұмыс істеуде. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркі инновациялық идеяларды жүзеге асырудың орталығы болып табылады. Парктің негізгі мақсаты – еліміздегі ғалымдардың ғылыми жетістіктерін тәжірибелік-өндірістік және сериялық өндіріске ендіру болып табылады. Технопарк бұл жерде бизнес-құрылым өкілдері мен ғалымдар арасындағы ықпалды диалог жүргізуші үшін арнайы аумақ ретінде көрініс табады. Дәлірек айтқанда: ҒЗТКЖ саласында жаңа тиімді стратегияларды іздестіру мен қолдану, инновациялық жобаларды және ғылыми зерттемелерді бірігіп қаржыландыру бойынша бағдарламаларды, сонымен қатар студенттер тарапынан түсетін бастамаларды ұйымдастыру. Технопарк өзінің негізгі миссиясы - инновациялық кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту бойынша жағымды шарттар жасау, мүмкін іскерлік серіктестерді іздеу, инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту және сапалы кеңестік қызметтер көрсету деп біледі. Алдыға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін технопарк даму стратегиясында алдымен бәсекеге қабілетті басым бағыттарды анықтау негізіндебар ғылыми және технологиялық әлеуетті, жоғары білікті мамандар мен ҚазҰУ-дың ақпараттық ресурстарын біріктіру бойынша шараларды жүзеге асыруда.
Бүгінде «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инновациялық кластері» Қазақстандағы инновация және технологиялық жаңғыртуды қолдау мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. Кластер құру арқылы ҚазҰУ ғалымдарының, ғылыми ұйымдардың өндірістегі ең үздік жұмыстары іріктеліп алынып, коммерцияландыру, сол арқылы инновациялық кәсіпорын құру жүзеге асады. Корея, Гонконг және Сингапурдың ірі компаниялары 500 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюға қызығушылық танытып отырғандықтан, мемлекеттік-жеке әріптестік ұстанымы негізінде университет кластерін құру өте тиімді,делінген хабарламада. Ресми сапары барысында вице-премьер университет ғалымдарының ғылыми-инновациялық жобаларының жетістіктер көрмесімен танысты. Университте 8 ҒЗИ, 23 орталық, технопарк, бизнес-инкубатор және коммерциаландыру кеңсесі жұмыс істейді.
Жастарды ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, жоба нәижелерін өндіріске енгізуге баулымайынша біз ұлттық инновациялық және ғылыми әлеуетті дамыта алмаймыз. Ал ғылым мен өндірісті байланыстырудың тиімді жолдарының брі осы – университет маңынан технопарктік құрылым қызметін тиімді ұйымдастыру.