Біз армандаған сарқылмас сезім, өшпес махаббат тек кітаптар мен фильмдерде емес қой, ә? Дәлелдейікші. Сенейікші! Себепкері өзіміз болайықшы. Осыған барымызды салайықшы.
♥ ♥ ♥
Сонша сарылудың қажеті қанша? Тағдыр айдап бір күні қылады. Тек тілеу керек.
♥ ♥ ♥
Ақынды сүйсең өлеңін емес, өзін сүй. Ақын деп емес, адам деп сүй.
♥ ♥ ♥
Арнасына сыймай тасып тұрған сезімге бір сәтте тоқтау қоюға бола ма?! Баланы да ғайыптан ойға оралтқанда, бәріне көнеді... Барлығы әдейі ұйымдастырылған қойылым болсыншы.
♥ ♥ ♥
Миымда сенің жоспарыңнан тыс жолдарға ерте барғанымды кеш...
♥ ♥ ♥
Ұлыдан ұлы туа қоймайды. Бәрібір туған ұл да тегін адам болмайды.
♥ ♥ ♥
Адам ішсе де, отбасынан айырылса да, өзге тілде сөйлесе де түбінде бір себеп жатады. Тереңіне үңіле білген көз ғана көре алады.
♥ ♥ ♥
Тәлкегіңе төзеді. Тілеуін берші... Жүрек... сезеді... Көргісі келмейді. Көрсе қуанады. Бәрібір бәрі бұлыңғыр...
♥ ♥ ♥
Жақыныңды жатқа жәутеңдетіп қойғанша, жаның жайсызданса да, жаныңда болғаны жақсы. Көңіліміз кең болсыншы тек. Осындайда тарлық танытпайтын "тағдыр" тарту ете көр!
♥ ♥ ♥
Адамға сынай қарау... Дәл осы болмасын деп еді. Қаталдық... Онсыз қалай? Өбектеу... Барлығы орнымен. Көзбен түсінісейік...
♥ ♥ ♥
Тым тату, тым бауырмал, тым тәрбиелі ұрпақ нәсіп ет!
♥ ♥ ♥
Қандай жағдай болса да адамдығыңнан қол үзгің келмейді. Бірақ атыңа кір келтіретін болмашы әрекеттерді орындауға мәжбүр болатын күн туады. Сондай жайға жеткізе көрме...
♥ ♥ ♥
Сіз не ойлап отырсыз?