Салауатты - өмір салты
жеке
блог
блог
Ұстанымың - салауатты өмір салты болсын және оны булжытпай сақта;
Денсаулығыңды жастайыңнан сақта;
Әркез мейірімді, ұстамды, сабырлы, ақылды бол, мазасыздық пен әбіржу жүрекке күш түсіреді;
Жақындарыңды құрметте, ақыл-кеңестеріне құлақ сал, олар - сенің өміріңдегі басты құндылықтар;
Өзіңе қызықты, рухани жақтан қанағаттандыратын іс-әрекеттерді таңдап ал;
Таза ауада көбірек болуға тырысып, дене еңбегімен шұғылдан;
Уайым-қайғыға берілме, көңіл күйіңді түсірме;
Қалыпты нәрсенің бәрі денсаулыққа пайдалы, ал шамадан тыс нәрсе - зиянды.
Жаның мен тәніңді мұқият тыңдай біл, оны сезін, зертте, сырына үңіл, үніне құлақ сал.