Кейде орынды-орынсыз тәкаппарлығымыз ұстап қалады. Түсініспеушілік содан шығады. Адамдар ештеңеден қысылмай, кез келген жанға не ойлап тұрғанын ақтара салатын болғанында ғой...
♥ ♥ ♥
Ер жігіттің бойында ер азаматқа тән қасиеттер жеткіліксіз болғаны қиын. Ертең біреуге қалай әке болып жарытады?
♥ ♥ ♥
Ойламайын дейді. Өзін барынша әрнемен алдап бағады. Біреудің бақыты жалғыз өзінің ғана қолында тұрғандай болады да тұрады. Басқалар қайдан ұқсын?!
♥ ♥ ♥
Махаббат дейтін тек соқыр сезіммен сүйіп, дегеніне көну емес. Тамақ, төсек, тазалық ұстап тұрады деуші еді білетіндер...
♥ ♥ ♥
Білім қуып, қызмет қылып жүргеніміздің құны қанша? Жақындарымыздың мұқтажына жарай алмасақ... Күнарадан байланыстырып тұратын сымсыздар барына тәубе. Бір үйдің үлкендерін мейірімге бөлеп отыруымызды нәсіп ет!
♥ ♥ ♥
Кітап оқымайтын адам... адам емес шығар. Тыныштықта дауыстап көркем әлемге енуден артық ләззат жоқтай.
♥ ♥ ♥
Басқаның бәрін ұмытып, айналаны түгелдей реттеп, шаршау арқылы демалуға болады. Ол демалыстың рахаты бөлек...
♥ ♥ ♥
Демалыста бітпеген шаруа көп болса да, жақыныңмен бірге пәлсапа соғып, суып қалған шайды сораптап отырып таң атырғаннан асқан рахат бар ма?
♥ ♥ ♥
Сіз не ойлап отырсыз?