Жасың тоқсаннан асты... Көз жұматын сәтің де жақындап қалған сияқты... Өміріңнің соңғы парақтары....Сен болсаң сәл ғана тербеліп, алауошақ жанында, үйіңде лаулап жанған отқа қарап, ойға батып отырсың....Бүкіл кешкен өмірің көз алдыңа елестеп отыр... Өткен күндердің әр парақшасын саралап, көзіңнен жас парлады... Қуаныштан ба, әлде қайғыдан ба кім білсін....Өзіңде түсінбейсің... Әйтеуір, өмір кетті... Өтті... Қайтқан күндер оралмас.. Орындалған арманда бар, үзілген үмітте бар... Өмірде көпті көрген сияқтысың... Алайда, жүректі жібермей, қинап, жанды ұстап тұрған бір сезім бар сияқты... Ол сезім – өкініш сезімі... Адамның жан дүниесінде өкініш деген бір сұмдық сезім бар. Осы, өкініш жаныңды үрлеп, ойда өшпес алаулаған жалындай, жүрегіңді жүдетеді. Бойыңды ашу, ыза – күйік бойлап, бір кезде ыстық жасын жанарынан одан сайын төгілді.. Көкірегін керіліп, қайғыдан қайран көңілін қан жұтқандай, көмейінде күл – қоқыстай көмілді...Өткен өміріне көңілін толмай, өкініп, өткенді сағынып, басынды қайғы басты...
Көзіне балғын бала күндерін ойға оралып сағыныш, өкініш сезімдерін күшейе бастады.. Ол кездер, күні кешегі секілді әлі көз алдында... Негізі, нағыз бақытты шақ – балалықпен өткен күндер ғой... Жанында өзіңді жақсы көретін ата – анаң мен туысқандарын, көрші үйде тұрған достарын ғана бар... Осы адамдардың арқасында уайым – қайғы деген мүлдем жоқ. Алайда, ата – ананың тілін алмай, талай жасын төгіп ренжіткен едің... Өзіңнің ақымақтылығынмен, жандарын талай қинап едін, қазір өкінесің... Тиын тебенге тұрмайтын ұсақ – түйек нәрсе үшін, ананың жүрегін қанша ауыртқан едің..
Содан, уақыт келе есейдің, ақыл да кірген сияқты... Дегенмен, қызығушылығын артып, бұрын – сонды жасап көрмеген дүниелерді жасауға ұмтылдың... Өсіп келе жатқан жеткіншек болғаннан кейін, жеке қызығушылығын артып, өмірдегі жаңалықтарыңды ата – анаға емес, достарыңмен бөлісуді жөн көріп, араларын суып кеткен сәттер де болған еді...
Тағы да біраз уақыт өтті, жалындаған нағыз жастық шақ келді! Жастық шақ – олда бір адам өмірінің ең қызықты да, қайрат-жігерге толы керемет кезең ғой. Алайда, соны да бағаламадың... Қайран қайтпас жастық шақ! Бірақ сол кездері сол уақыттын "қолда бар алттынын қадірі жоқ" деген сияқты қадірін білмедің! Өмірі бір, жас боп жүре беретіндей сезіндің... Өз бетімен бір ұялы байланыс құралынын ішіне кіріп кетердей қолынан телефон түспейтін еді... Күндерін университетке барып – қайтып, кештерді шалбар тоздырып, құр интернет желісінен өткізгеннен басқа ештеңе істемедің... Кешегі күніңді бүгінгі күнінен, тіпті, ажыратуға қиын болатын... Онымен қоса, демалыстарында миыңды тоздырып, рухани жаныңды аздыртып, селпең – селпең қыдырумен ғана өтетін... Сол сәттерде қанша энергияға толы едің, бірақ мүмкіндігіңді пайдаланбадың. Қазір, қарап отырсаң, сонда көптеген іске үйреніп, өз – өзімен жұмыс жасап, жан – жақты дамуға жағдай болған еді..Бірақ уақыт өтіп кетті...
Тағы да біраз уақыт өтті, құрған жанұяң бар, қызмет етесің... Не ішем, не кием деген уайым – қайғы жоқ... Өмірің, негізі, жақсы сияқты.Және үлкейе келе өмірге деген көзқарасын өзгеріп, жамандықтан аулақ болуды үйрендің. Бірақ, бала – шағанды асырау үшін маңдай терінді төккенін соншалық, жанұяңа уақыт бөлмей кеттің. Балаларының тәрбиесіне мән бермей, сәбилерін өз еркімен өсті. Тіпті, болмашы кикілжіңдер үшін жұбайыңды талай ренжіткен едің... Балаларына ойдағыдай үлгі бола алмадың... Осылай, олардың қалай есейіп кеткенін байқамадың...
Міне, енді уақыт өте келе, көңіліңді өкініш басқан, отырысын осы еді...
Ал енді, көзімізді ашайық... қатты мұнайма... бұл жай ғана елес қой... Сен әлі жассын... Жиырма жасты енді ғана аттадың... Жаңағы елесіміз, жай ғана өмірде мүмкін болудың көрінісі ғана... Барлығы, қазір, әлі сенің қолында... Бірақ, өзің көріп отырғандай, уақыт саусақтың арасынан аққан құмдай, зымырап өтіп барады... Сондықтан, қолдағы алтыннын, уақыттың, жақын адамдардың достардың қадірін біл. Бүгінгі күніңді бағала, әр мүмкіндігіңді қолдан! Өмірге деген құштарлығыңды, талпынысыңды жоғалтпа! Өз өмірің – өз қолында!