Өмір жолы Академиядан басталды

      Өмір жолы Академиядан басталды
жеке
блог

 

Атыраудағы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы 1996 жылы 26 мамырдағы Елбасының "Дарынды балаларға арналған мектептер құру және оған мемлекеттік қолдау көрсету" туралы бұйрығына сәйкес құрылған болатын. Республикада тұңғыш құрылған бұл оқу орнының оқушылары орта білім алуымен қатар 17 мамандық бойынша қабілеттерін дамытады. 23 жыл тариxы бар білім және өнер ордасы осы уақыт ішінде 200-ге жуық түлектерді өз ұясынан ұшырды. Солардың бірі, эстрадамыздың жарық жұлдызы, актриса, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының 2007 жылғы түлегі, "Асыл" тобының әншісі Ақерке Бүркітбай. Ақерке Академия қабырғасында қобыз мамандығы бойынша білім алған болатын. Республикалық және Халықаралық конкурстардың лауреаты, 2009 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияға, қобыз мамандығы бойынша оқуға түседі. "Асыл" тобына шақырту алған Ақерке өзін тек әнші емес, актриса ретінде отандық телеxикаларға түсіп, жеке кәсібіменде айналысып жүр. Академия түлегінің қазіргі жетістіктері мен жаңалықтарын білу үшін сұxбаттасқан болатынбыз...

- Сәлеметсіз бе, Ақерке ханым! Сұхбатымыздың шымылдығын  өзіңіз өнер көрсетіп жүрген топтан бастағым келіп отыр. «Асыл» тобына бірнеше рет шақырту алыпсыз. Алғаш шақыртудан соң, неге жұмысыңызды бастап кетпедіңіз?

- Сәлеметсіз бе! Иә, "Асыл" тобымен жұмыс жасауға бірден келісім бермегінім рас. Бұл құрамға кіру маған үшінші рет шақырту келгенде бұйырған болатын. Өйткені, асқар таудай әкемнің айтқанына аттап кете алмадым. Алғаш шақыртуым мен Атырау қаласында 9 сынып оқып жүрген де түскен болатын. Балалық шақтың балын татып жүрген кезім болған соң ба әкем бірден келісім бермеді. Әуелі оқуымды бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсуімді қалады. Содан кейін, мектепті, колледжді бітіріп,арманым болған Алматы қаласына консерваторияға түскен едім. Сол жылы бұл қаламен енді танысып жатырған бойжеткен Ақеркені тағы да топ құрамына шақырған еді. Бұл жолы әкем екінші рет қарсылық танытты. Кейін сол консерваторияның соңғы курсының бірінде үшінші рет Асыл тобына келіңізші деген өтініш түсті. Сол уақыттар да мен 21 жаста едім. Балалықтан, бойжеткен жастан шығып, ақыл тоқтатқасын болар, әкем «таңдауыңды өзің шеш» деп келісімін бергендей сыңай танытты. Міне, сол сәттен бастап бұл құраммен біргемін.

 

- «Асыл» тобынан кетіп жеке шығу ойыңызда бар ма?

- Асыл тобының шығармашылығымен айналысып, киелі сахнада  жүргеніме 5 жылдың көлемі  болыпты. Өз алдыма бөлек шығып әнші болып кетуді жоспарлаған емеспін. Соңғы уақытта өзімді халыққа жаңа қырымнан көрсетіп жүрмін. Яғни, жас актрисамын.  Сол себепті, топтан бөлек шығып кетпей, тек өзімнің басқа да қырымды ашып,тауып , дамытуға тырысамын. 

 

- «Асыл» тобы құрамын көбейтіп, басқа стильге өзгерткен кездегі халық көзқарасы қандай болды?

- Жылдың соңында продюсеріміз, Ғалияны қайтадан топқа шақыру туралы шешімін қабылдаған болатын . Сол кезден бастап біздер сахнада төртеу болып өнер көрсетіп жүрміз. Басында кішкене бір –бірімізге үйренісу керек болды. Киім жағынан қиындықтар туындай бастады.Себебі, біздің 50 ге жуық сахналық костюмдеріміз үш адамға ғана арнап тікітірілген.  Бірақ, бұндай келеңсіздіктерге қарамай Ғалиямен жарты жылдан астам уақыт жұмыс жасап келе жатырмыз. Ортаға сіңісіп, тез үйреніп кеттік. Себебі, Ғалиямен бұрын жұмыс жасап көргенбіз. Сол үшін халық бізді жылы және жақсы қабылдады.

 

- Әкеңіз «ұстаз» болуыңызды қалаған екен, шәкірт тәрбиелеу туралы ойланып көрдіңіз бе?

- Әкем менің қобыз аспабын меңгеріп шығуымды қатты қалаған жан еді. Сол себепті, бала күнімде Атырау қаласындағы дарынды балаларға арналған Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында білімімді шыңдадым. Балалық шағымда еркелігімді көтеріп, осындай дәреже жетуіме септігін тигізген маған дәріс берген Сұлухан  Қожантаева апайым болатын. Білікті ұстаздан-білімді шәкір демейме, осындай ұстаздан алып шыққан білімімді, өскелең ұрпаққа дарытуымды  әкем қалаған болатын.Бірақ, мен жас кезімде ұстаз болып, сыныпты отыруды ойлаған емеспін. Дегенмен де, алдыма келген кез-келген жас буынды тәрбиелеп шығудан қазіргі таңда бас тартпаймын. Өйткені, маған қобыз аспабын үйрету туралы ұсыныстар түсіп отырады. Сол үшін болар, маған кішкентай балалармен бірге жұмыс жасап, өзім меңгерген аспапты оларға үйретуді жаным қалап тұрады. Болашақта, 5-10 жылдан кейін көптеген шәкірттерді тәрбиелеу ойымда бар.

- Қыз баланың өнер жолына түсуі қиын деп жатады. Бұл оймен каншалықты келісесіз?

- Бұл сөзбен толықтай келісемін. Қыз баланың өнер жолына түсу өте ауыр. Бұл ауыр жолды таңдаған соң оның қиындығы мен қызығын қатар алып жүруің қажет болады. Себебі, алдыңан әрдайым ақ күн туа бермейді. Бір күндері қара бұлттың үйіріліп кетуі аяқ астынан. Сондай жағдайлар да қыз бала нәзік жаратылыс болған соң төтеп бере алмауы мүмкін. Мысалға, қазір өзім телехикаяға түсіп жатырмын. Түсірілім алаңыда, қыс мезгілі болатын. Ал бізге жаз айын көрсетіп шығуға тура келді. Осындай келеңсіз жайттарда төзіп, шыдамды болуың қажет. Әйтпесе, өнер деген ұғымның иісінде сезе алмай қаласың.

 

- Өнер жолына келгеніңізге өкінген сәттеріңіз болды ма?

- Өнер жолы қаншалықты қиын болсада. өкінбегенмін,өкінбеймін де. Себебі,бұл менің балалық арманым.Ал балалық арманым мені адастырған жоқ. Керісінше, тура жолды сілтеді. Менің осылай тура жолда жүруім, өнерге деген махаббатымның ашылуы барлығы әкемнің арқасы. Себебі, жас кезімнен әкемнің өнеріне тәнті болып өстім. Ол өнер адамы болатын. Тіпті, көп уақытымды сахнаның сыртында, сахнада өткізген едім. Сол үшін болар әкем 5 баланың ішінде жалғыз менің өнер жолында жүруіме қарсылық танытпады.

- Атырауға жиі келесіз бе?

- Атырауға жиі бара алмаймын. Жұмыстың графигіне байланысты жылына әрі кетсе 2 рет баруға мүмкіндік болады. Өте қатты сағынамын, барғым келеді.....

 

- 2016 жылы Нью Йоркте жарық көрген «Billie Blunt Magazine» журналына сіздің суретіңіз жарияланған болатын. Суретке түсіп, модель болуды ойлап көрдіңіз бе?

- Бұл аяқ асты болды десем болады. Себебі, әлеуметтік желіге жариялаған суреттерімді сол журналдың редакторы көріп , инстаграмнан жазған болатын. Алғашында, бұл нәрсеге сенімсіздік таныттым. Өйткені, менімен достарым немесе басқа да адамдар әзілдесіп отыр деген ой келді. Бірақ кейін барлығын тексеріп, сол журнал туралы біліп , анықтадық. Шеф редакторымен сөйлесіп, фотоларымды жібердім. Кейін сол журналдың мұқабасына суреттерім шықты. Әрине, содан кейін көптеген ұсыныстар болды. Қазіргі таңда , уақытым болған кезде, қолымнан келгенше өзіме ұнаған ұсынысты таңдап, суреттерге түсіп  жүрмін. Бұл да менің тағы бір қырымнан көрінуіме септігін тигізуде.

 

- Бірнеше кинотуынды да басты рөлді сомдадыңыз. Бүгін де Ілияс Есенберлиннің «Ғашықтар» романы желісі бойынша түсіріліп жатқан телехикаядағы образыңыз қандай? 

- Ғашықтар романына ,биыл 50 жыл толады екен. Сонымен қатар Астана қаласының 20 жылдығының қарсаңына осындай үздік туынды түсіріліп жатыр. Ол жерде мен Ұлболсын деген ғашық қыздың рөлін сомдаймын. Ұлболсын мен Жантас деген  кейіпкелер арасындағы  шынайы махаббат көрсетіледі. Бұл кинотуынды шілде айының басында Хабар арнасында көрерменге жол торады.

- Бала күнгі арманыңыз? 

- Менің бала күнгі арманым өте көп болды. Мен барлық жағынан өзімді сынап көруді армандайтынмын. Әнші де , биші де,  актриса да болғым келді. Тіпті, киноға түсетін әртістердің бетін әрлейтін әрлеуші болуды армандадым. Балалық арманымның барлығына бірден қол жеткізе алмадым. Бірақ, біртіндеп өз ойларым іске асып жатыр. Өйткені, барлық жағынан өзімді сынап, көріп жатырмын. Арманмен атырған әр таңымның мақсатын қойып айқындағым келеді..

 

Міне, академиядан бастау алған жол - өмір жолына айналды.