Неге Пайғамбарымыз суды тұрып ішуді тыйған?

Неге Пайғамбарымыз суды тұрып ішуден тыйған?

Алланың Елшісі (с.а.у.) бірнеше хадисінде суды тұрып ішуден тыйғандығы айтылады. Атап айтсақ, сахаба Әнәстың сөзіне қарағанда: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) (суды) тұрып ішуден қайтарған. Әбу Һурайрадан риуаят етілген басқа бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз: «Ешкім тұрған күйде су ішпесін! Кім ұмытып ішкен болса құсып тастасын!», - дегені тағы бар.


Əйтсе де, Пайғамбарымыздың тіке тұрып су ішкендігі де сенімді деректерде келтіріледі. Мәселенки, "Сахих Бухари" атты хадистер жинағында орын алған бір риуаятта Әзіреті Али беті-қолын жуып, артылған суын тұрған бойы ішеді де былай дейді: «Шынында адамдар тұрып тұрып су ішуді дұрыс көрмейді. Дегенмен Алла Елшісі жаңа ғана менің істегенімдей істеген еді (тұрған бойы ішкен еді)» Осылайша, ардақты сахаба тұрып ішудің де күнə емес екендігіне назар аудартқан.

Сондай-ақ, сахаба Абдулла ибн Омардың: «Біз Пайғамбарымыздың көзі тірісінде жүріп бара жатып тамақ жейтінбіз және тұрып су ішетінбіз!» - деген сөзі тағы бар.

Осы хадистерге қарай отырып, Пайғамбарымыздың суды тұрған күйі ішуі - тұрып ішудің рұқсат екендігін көрсетсе, ал одан тыюі - тұрып ішкеннен гөрі отырып ішкеннің абзалдығын білдіреді деп топшылауға болады.

Ендеше, мүмкіндігінше суды отырып ішкенді дағдыға айналдырған дұрыс. Олай болған себебі, отырып су ішу адамның бойына, тұрып ішкендегі суға қарағанда сіңімдірек екендігі қазіргі ғылымда да айтылады. Егер адам отырып су ішсе, ішкен суы әуелі асқазанда тұрақтап, ондағы қышқылдықпен араласып судағы түрлі бактериялар өледі де, су таза күйінше ас ішекке өтеді. Бұл болса «тырысқақ» сынды түрлі жұқпалы ауруға шалдығудан сақтайды деседі мамандар.

Ғалымдар тұрып су ішудің адамға өте зиянды екенін анықтады. Сөйтсе, асқазан адамның отырып тұрған күйіне қарай өзгеріп отырады екен. Яғни, адам тұрғанда не отырғанда асқазаны түрлі пішінге енеді. Адам тұрып су ішкенде су тікелей тоқ ішегіне өтіп кетеді екен. Былайша айтар болсақ, тұрып ішкен судың азқазанда тоқтамағандықтан адам ағзасына еш пайдасы болмайды. Ал су адам денсаулығына өте пайдалы дүние. Егер суды отырып ішетін болсаңыз, су асқазанда жиналып, ол жерде асқазан қышқылымен араласып, микроптарды өлтіріп барып тоқ ішекке өтеді. Бұл жағдайда адам холера секілді, басқа да түрлі аурулардан сақтанған болады.

Міне, қаншама ғасырдан кейін ғылыми тұрғыдан дәлелденіп жатқан мұндай жаңалықтар мұсылман үшін әсте жаңалық емес. Тек сырын ұғып, хикметіне ой жүгірте білсек бол



Бөлісу: