Айғыр үрді, мысық кісінеді, қасқыр мияулады, қошқар ұлыды деп айту еш қисынға келмейді. Себебі, әр жаратылыстың өзіне тән дауысы, үні, тілі бар. Сол сияқты әр халықтың да тек өзіне тән тілі болады. Сол тілі арқылы бірін бірі ұғады. Түсініседі, сырласады. Бұл Ұлы Жаратушының шеберлігі. Алланың қазаққа сый қылып берген тілі - қазақ тілі. Ендеше сол сыйлықты неге менсінбейміз?! Қазақ пен қазақтың орысша сөйлесуі қасқырлардың бір біріне қарап мияулағанындай емей немене? Қазақша білмейтін қазақтан, мөңірей алатын сиыр артық!
Берік СҰЛТАН