«Қазақстанда мемлекеттің тұрақты дамуының, баянды экономикалық өсудің, Елбасының дана саясатының арқасында бүгінгі күні заманауи, техникалық жабдықталған, бәсекеге қабілетті медиялық кеңістік қалыптасты және біздің мемлекетіміздің мақсаты биік жоспарларын іске асыру тек БАҚ-тың белсенді қатысуымен ғана мүмкін. «Нұр Отан» партиясы бүгін де, ертең де Қазақстандағы ақпараттық саланың дамуын ынталандыруға, журналистің кәсіби және тұлғалық өсуі үшін жағдай туғызуға ниетті», - деп атап өтті байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мырза.
Журналистика сан – салалы мамандық. Тележурналистика, радиожурналистика, жазба журналистика, заман ағымына орай блогер және интернет журналистика секілді түрлі саласы бар. Биылғы, былтырғы журналистердің жеткен жетістіктерін саралап мынандай қортындыға келдім:
«Менің көзқарасымдағы үздік телевизиялық журналис» - «7 арна» телеарнасындағы «Другими словами» сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі Майя Бекбаева; Ол журналистикамен бала кезінен айналысады. Атап айтқанда, 12 жасынан бастап аудандық «Пульс времени» газетінде тілші болды. Өткен телевизиялық маусымда «Другими словами» бағдарламасында ұрпақтар сабақтастығына арналған «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы үздіктер қатарынан көрінді.
«Менің көзқарасымдағы үздік радио журналисі» - Қазақ радиосы «Қайырлы таң, Қазақ елі» бағдарламасының бас редакторы Құралай Жұмаханова. Қоғамның жарасын қаламмен жазып төртінші билік ретінде елге қызмет етіп жүрген радио журналисі.
«Менің көзқарасымдағы үздік баспасөз журналисі» - «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы Сүлеймен Мәмет; Білім, ғылым, өнер тақырыбына көп қалам тербейді. Қазақ сөзінің қадіріне жетіп, ұрпаққа қор етпей жеткізуді мақсат еткен.
«Менің көзқарасымдағы үздік блогер» - Өркен Кенжебек; Жарық көрген материалдарында «Нұр Отан» партиясының шараларын, сондай-ақ айтысты, мемлекеттік тілге аударылған шетелдің фильмдерін және басқа да ұлттық спортты ұлықтауға арналған партиялық жобаларды жиі насихаттайды.
«Менің көзқарасымдағы үздік ақпараттық агенттік журналисі» - Балажан Серғали; Негізгі мамандығы тарихшы болғанымен қазіргі «Baq.кz» ақпараттық порталының бас редакторы. Ол өз жұмысын отбасынан да жоғары қоятын жан.
«Менің көзқарасымдағы үздік өңірлік тілші» - «Айқын» газетінің бөлім меңгерушісі Гүлзина Бектасова; Болашақты журналистиканың ғарыштап дамуына сенеді және оған атсалысады. Ұлтқа, елге қызмет етуді басты мақсат етіп қойған.
«Менің көзқарасымдағы Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін» - Айдос Үкібаев Өмірлік ұстанымы: Әрқашанда мінсіз дүние жасау, әділ болу. Қазіргі журналистикаға еркіндік кереп деп есептейді. Нұржан Мұхамеджанова. «Тек алға» ұстанымымен өмір сүретін ол журналистерді қоғамның қозғаушы күші ойлайды. Алғаш 6-сыныпта оқып жүргенде журналист болуды армандаған. «Журналистика өмірімнің мағынасы» деп санайды.
«Менің көзқарасымдағы ақпарат саласының үздіктері» - Кертаев Ринат Думанович, «Дарын» сыйлығының иегері; Мейіржан Жиенәлі, «Нұр Сұңқар» сыйлығының иегері;
Журналист әрдайым халық назарында болады, сол сияқты халықтың әр тынысы да журналист назарында болады. Мейлі түнде, мейлі боран мен аязда, ит өлген жердей алыстан болса да, кез келген жағдайда ақпарат жинап, дайындау үшін журналисттің қағазы мен қаламы сақадай сай дайын тұруы керек. Жауапкершілікті көп қажет ететін мамандықты таңдағаным да сол себепті, халықтың мұқтажын кез келген уақытта, кез келген жағдайда қамтамасыз еткім келеді. Тұғырлы еліміздің тәуелсіз журналисті болып, дербес ақпарат жинап, жұртымызға ұсынсам деген мұратым бар...
Бұл менің көзқарасымдағы үздіктер, ал сіздің көзқарасыңдағы үздіктер кімдер?