Мен қаламаған екі орындық

  

“Мен сендерге Американың президенті болыңдар демеймін.Тіпті аула сыпырушысы болсаңдар да, өз жұмыстарыңды шынайы сүйіспеншілікпен жасаңдар.”

                                    А.Линкольннің балаларына айтқан соңғы өсиеті

Біздің  аспанымызда өз жұлдызына қарап тілек айтатын адамдардың саны тағы да азайды.

“Сен атақты әкім боласың.Қаншама адамдар сенің алдыңда зыр жүгіріп қызмет жасайтын болады.”

 Міне,осы сөздерді ол көзін ашып,ес білгеннен бері есітумен келе жатыр.Бірақ осы сөздердің не керегі барын ол түсінбей-ақ қойды.Ол анасына ешқашан қарсы келмейтін.Себебі оның бұл өмірде жан дегенде жалғыз жанашыры тек  анасы  ғана болатын.Анасы  оны қатарынан кем қылмай сабақ оқуы үшін бар жағдай жасап,асты - үстіне түсіп, әлек болатын.Бірақ сонда да баласының алатын бағасы соқыр үштіктен аспай - ақ қойды.Анасы қанша күйінгенімен ойынан ешқашан бас тартқан емес.Баласына күнде оқудан келген сайын ақыл айтып,айналысып жүрген сурет өнерінен бас тартуын қайталаумен болды.Ал бала керісінше нағыз қылқалам шебері болуды бала күнінен армандайтын. Ол анасының бұл  сөздерін күнде есітуден әбден жалықты,жүйкесі тозған еді.

 Бір күні кезекті рет анасы өз ойынан бас тартқызуға өз ақылын айта бастап еді оның сөзін баласы тоқтатып тастады.Баласының мұндай оғаш қылығын ол бірінші рет көрген болатын.Қанша дегенмен де  шыдамның да шегі бар емеспе?

 Баласы:Анашым,асханаға кіргендердің бәрі бірдей тамаққа тойып шықпайды ғой.Осыны түсініңізші! - деді де бөлмеден шығып кетті.

Астарлап айтылған бұл сөздер анасын қайран қалдырды. Ол баласының әркімге бір телміріп сурет салып, оны кім алар екен деп жүргеннен,бастық  болып былғары креслода шалқайып отыруын армандайтын.Баласын құр сөзбен айтып, өз айтқанына көндіру мүмкін еместігіне көзі жеткен анасы енді оған жанына тиетіндей етіп жұмбақтап жеткізуді ойластыра бастады.Бір күндері ол жанына баласын шақырып,оған мынадай жұмбақ  айтты:

 Бір күні ауылдан қалаға оқуға келген(расында мәжбүр болған) бір бала орыс тілін үйренуге мәжбүр болады.Ол үшін түрлі орысша кітаптар,журналдар мен орысша газеттер,соңында болмаған соң орыс тілін үйрететін мұғалім де жалдаған болатын.Бірақ бұл әрекеттен ештеңе шықпайды.Оған орыс тілді үйренбек тұрмақ,оның иісі де бармапты.Сөйтіп ол өзінің ақымақ екенін мойындап қойыпты.Бір күні ұстазымен көшеде автобус күтіп тұрса бір төрт - бес жасар кіп- кішкентай орыс апайдың баласы мамасына қарап орысшалап бір нәрсені айтып,түсіндіріп тұрғанын байқап қалады.Ұстазы шәкіртіне қарап:Анау кіп- кішкентай бала секілді де ақылың жоқ екен.Орысша қалай сөйлейтінін көрмейсің бе? -депті.Дәл осы арада ұстазы өзінің ақымақ боп қалғанын да білмей қалыпты.Себебі оның анасы да әкесі де орыс емес пе.Енді ол орысша сөйлеуі заңдылық емес пе? Дәл  осы жағдайды сырттай қарап тұрған бір кісі:  -“ Дұрыс айтасың” - депті жәй ғана.Осылайша ол да сол ақымақтардың біріне айналыпты.Енді айтшы балам осылардың ішіндегі ең ақымағы қайсысы? -  депті.

Жұмбақтыңжауабын кейін айтамын деп баласы өз бөлмесіне етіге басып кетіп қалады.Осылайша оның басы мең - зең боп ойы сан -саққа кетіп отырғанда көркемсурет ұстазы телефонына хабарласып бүгін өзінің картиналарының көрсетілімі өтетінін айтып қалып қоймауын қатты ескертеді.Себебі оның алғаш рет суреттері көрсетілімге шығатын еді.

Ол міндетті түрде баратынын айтып тұтқаны қойып қояды.Бірақ ол бүгін анасы қатты ескерткен ғылыми конференцияға баруы тиіс болатын.Қайсысына барарын білмей жүрегі екіге бөлініп қатты қиналады.Анасының айтқанын тыңдамау өте үлкен күнә екенін, ал көркемсуреттен қалар болса ұстазына уәде берді, одан да маңыздысы ол оның жүрек қалауы емес пе?Ол көп ойланды.Тағы да ойланды.Ол соңында жан дегенде жалғыз қамқоршысы анасының айтқанына баратын болды.Бұл жолы да тағы да өз қалауынан бас тартты.

Дәл осы жолы оның алдында өміріндегі ең соңғы таңдау тұрғанын ол сезбеген еді.Осылайша ол конференция өтетін жерге жылдам жиналып жүрі кетті.

Мүмкін ол жүрек қалауын тыңдағанда бәрі басқаша болар ма еді кім білсін?Мүмкін бұл тағдыр болар.

Ол бір апта бойы үйінде болмады.Дәл осы уақыттарын ол өзі секілді тағдыры аямаған жандардың қасында өткізді.Ал анасына оның досы қысқаша етіп хат жолдаған болатын.

Хат

Расында оған бәрі қиын... Ол қатты қиналуда.Тек тәні ғана емес, жан дүниесі қатар азап шегуде.Бірақ ол әлі де өмірді сүйеді.

Расында оған өте қиын.Себебі ол ендігі уақытта үнемі өзімен бірге орындығын алып жүруге тиіс.Бірақ уайымдамаңыз,Ол орындықты көтеріп жүрмейді.Бірақ өкініштісі де осы ғой апатай оны орындық көтеріп жүретін болады.Ол оны көтеріп жүруден қиналмайды.Ол енді қайтып Алла сыйлаған қос аяғымен жер баса алмайтынын ойлап жаны жылап жатыр.Ол енді үнемі азап шегушілердің қатарына қосылды.

Себебі оның екі бірдей аяғы,тіпті екі бірдей қолы да жоқ болатын.

Ол түні бойы жылады.Себебі анасының ең болмаса бір ретте таңдау бермегеніне.

Ол жылады,анасының бір ретте болса түсінуге тырыспағанына.

Ол жылады,себебі атақ даңқ үшін ұлының асыл арманынан айырғаны үшін! Және бар үмітінен...

Дәл осы сөздер оқылып жатқанда екі көзі ботадай жәудіреген бала анасы айтқан жұмбақтағы ең ақымақ болған әлгі бала өзі болып шыққанын ойлап өмірден түңілді.Оның мұң тұнған жанарын көз жасы жуып кетті.

Себебі, ол асығыс жолдан өте бергенде жүк көлігі бұрылыс жерден оны бар екпінімен соғып кеткен еді.

Р.S.Біздің жан деп аталатын әлемімізде ақыл мен жүрек атты қос алып үнемі арпалысқа түседі.Сен қайсысына басымдық береріңді білмей қиналасың.Кей кездері  өз ойыңнан баз кешесің.Тіпті кейде біз ақыл тыңдауға да қабілетсіз боп қаламыз.Ақылға қарағанда жүректе үміт көбірек.Көп адамдар ақылдың шешімін дұрыс дегенімен де,жүрек қалауына қалай ілескендерін өздері білмей де қалады.

Өмірдегі ең маңызды екі таңдаудың бір ол өзіңнің өмірлік кәсібіңді таңдау екені белгілі.Қай ана өз ұлының жаман болғанын қалайды дейсің.Бәрі де баласының жақсы болуын армандайды.Бірақ...бірақ ана ұлына жол нұсқап бағыт сілтегенімен баласының ішкі жан дүниесімен үнемі санасып отыруы тиіс.Себебі қанша дегенмен де мына дүниеде әр адамның өз таңдауы,өз қалауы,өз өмірі бар екенін ұмытпайық.Сол баланың сіздер біліп жүрсін деген өмір заңдылықтарын әңгіме етіп сіздерге баяндап отырмын.

Мен есімін айтпайын,сіздер сұрамаңыздар !Осынау өмірден өзін жоғалтып,тірліктен баз кешкен бұл бала бұл күндері біздің арамызда өмір кешіп жатыр.Ол да біз сияқты күннің арайлап атқанын,гүлдердің қауыз жарғанын,құстардың таңмен таласа сайрауын бәрін,бәрін көреді,естиді.Бірақ ол енді бәрін басқаша ойлайды...басқаша түсінетін болған...

Осылайша жер бетіндегі үмітінен айырылғандардың саны бір адамға толықты.

Сіздер қалай ойлайсыздар???



Бөлісу: