Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін! – деп ақын Мағжан Жұмабаев жастарға жалынды сөз арнап, жасжеткіншектерге сенім артқан. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдейемес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Ойланып көрейікші, бізді қазіргі уақытты не қызықтырады? Елбасымыздың Халыққа Жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты біліммен ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгіұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білем. Ал осы дұрыс жолдан тайып, нашақорлық пен маскүнемдікке салынып жүрген жасөспірімдердің саны өсуде. Неге денсаулығымызды, жанымыздытаза ұстап, талғамымыздың биіктігін білдіріп, салауатты өмір сүрмеске? Бұған не кедергі, кімкінәлі? Бұған әр адамның өзі кінәлі. Өйткені бізкелешегімізді ешқашанда қабылдағымыз келмейді. Пайғамбарымыздың хадистерінің бірінде: «Ішімдікпен достастым дегенше, адамгершілікпенқоштастым» дейтін ұлағатты сөзі бар. Бүгінгі батыстық әдеттерден арыла алмай жүрген жастарадамгершілікпен баяғыда қоштасқан. Ондайларөздері өмір сүрген қоғамды қайтып көктетеді? Елінің қамын қашан ойлайды? Оны қалай қорғамақ? Осының бәрін ойлағанда қоғамды түсініп болмайсың.
Джон Кеннедидің «Ел мен үшін не істейалады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей аламындеп сұраңыз» деген сөзі мына заманда әрбір адамның өмірлік ұранына айналуы тиіс. «Мен елімүшін не істей алам» - деген сұрақ әр – бір көкірегі ояу қазақты мазалауы тиіс.Себебі өз елінің патриоты болатын азамат қана Отаны үшін көп еңбек сіңіріп,елі мен жері үшін отқа да, суға түсіп өз елінің бетке ұстар азаматы бола алады. Бірақ,елі үшін еңбек сіңірген адамдардың барлығының мақсаты елін биікке көтеруі болса ғой, әттең, өзінің абыройын ойлап, даңқы үшін ерен еңбектерге баратындар да бар ғой арамызда. Ал бұрын ше? Бұрынғының батырлары ақ найзаның ұшымен жерін қорғауға аттанғанда,өзіміз өлеміз – ау депемес,артымда қалған халқымның жағдайы не боларекен? – деген үлкен толғаныспен аттанатын болған.
Енді қазіргі заманды,яғни,біз өмір сүріп жатқан кезді алайық. Біз өмір сүріп жатқан ғасыр - ақша мен мүліктің айрықша орында тұратын заман. Бірін-бірі мал-мүлік үшін жоятын заман. Мен, өзім осы заманда өмір сүре отырып, замандастарымның тағдыры мен елімнің болашағына жиі алаңдаймын. Елдің арқа сүйер тұтқасы оның жастары. Солсебепті де жастар ел болашағы үшін жан-жақты ойланып, «елім үшін не істей алар екенмін» - дегенөмір бойына үлгі етулер керек. Тағы бір айта кетерекінші мәселе – ол біздің дініміз. Барша жұрт сүйсініп қарайтын таза әрі әділ, тәрбиесі мол ислам атты дініміз бар. Бүгінде оның кіршіксіз тазалығы мен телегей тәрбиесі бұрмаланып, жастардың санасын улап бара жатқандай. Шариғаттың адалжолын улаған сол бір мұсылмандыққа қатысы жоқ, теріс ағымдар жастарды Алланың адал жолынантаюға мәжбүрлеп жатқандай.
Ел болашағына үлес қосу дегеніміздің өзі,бүгінде тілді құрметтеу,туған тілдің құдіретін аса құнды мұра ретінде бағалау емес пе? Бірақ,бүгінгі таңда ана тілімізді кіршіксізсүю,тағылымы мол қазақ тілін аялаужастарымыздың арасында жоғалып бара жатқандай.Сорымыз ба, бағымыз ба, білмедім, әйтеуір, қай қазақтың баласын көрсең де аузынаншүлдірлеген бір орысша сөз еститініміз рас. Оданқалса, батысқа еліктеп, салт-санамызда тіліміз бенбірге жоғалтып бара жатқандай. Қазақтың ұлы ақыны Абай, бір сөзінде « Орыстан өнер үйрен, ғылым мен білім үйрен, бірақ сана-сезімі мен салт-дәстүрін, тәрбиесін үйренбе » - деген екен. Данышпан Абайдың ғибратты сөзінің ақиқаттығына екендігін көз жеткізіп отырмыз.
Қазіргі заман қателерін ескере отырып, әркім өз өміріндегі дара жолын салып, өз тағдырын өзі қалауы тиіс деп санаймын. Сонда ғана ол аяғына нық тұрып, бұл менің жолым, әрі тағдырым деп мақтанышпен айта алады.