Мақсатыңды нақтылап алуың - жетістікке жасаған алғашқы қадамың;
Мақсатыңды өмірдегі нақты мүмкіндіктеріңе сай таңдап ал;
Ұсақ мақсаттарға уақытыңды дос шығындама;
Алдыңа үлкен мақсат қою көп күш жұмсауды қажет етеді;
Мақсатыңның не үшін, кімнің игілігіне бағытталғанын анықтап ал;
Өз мақсатыңа жақындаған сайын оған жету жолы қиындай түседі;
Әр нәрсеге еліктемей, құмарлық отын тежей біл;
Егер кедергілер көбейсе,кідіріс жасап басқа жолын қарастыр;
Егер кедергілер кездеспесе - жолың сәтті болғаны, қарқыныңды күшейте түс;
Кез келген жетістік адамның өзін, оның жақындарын қуанышқа, шаттыққа бөлеуі керек.