Махаббат күнделігі

                                                                                     Алматыға кеткенімде мұңайып,

                                                                                     Осы ауылда бір қыз қалған сонау жыл...

                                                                                                                     Қасымхан Бегманов

"Махаббат" дегенде... Ассосация. Сүйіктім еске түседі. Себебі бойжеткен шақтан будақтаған осы бір балаң сезімді сол арқылы таныдым. Тұрақтылықты жақсы көрем. Ұзақтан көріспеген бір құрбым "атам заманнан бері сол жігітпен  әлі жүрсің бе",-деді. Деді де, күлді.

Ертең мейрам ғой. Кәдімгі өзіміздің. ОЛ екі сағат бұрын құттықтап үлгерді. Ал мен ше...Оған деген сезімімнің толыса түскенін, жылдар өткен сайын толастамай, мұхит суындай мөлдір де таза қалпын сақтап қала беретінін қалай жеткізсем екен...

Сонымен мейрам қарсаңында барша адамзатқа бақыт тілей отырып, балауса сезіммен өрілген шақтарым жайлы шимайласам ба деймін. Алдымен жылдар бойына жан серігіме айналған  күнделігімді қолыма алайын, алайын да қызықтарын теріп жазайын. Тек күлмеңіздер.

 

13.05.2004. Бүін далада ойнап жүргенде екі адамға жыным келді. Біреуі Б деген бала, екіншісі Ж. Әдейі мен лақтырған допты айдалаға теуіп алып кете береді.

28. 06. 04. Күлкілі жаңалық естідім. Әлгі Ж мені ұнатып жүр екен. Ұнамайды. БІрақ өзіңді біреу сұраса қызық екен. Мен оған не үшін ұнайды екем.

1. 06. 04. Қандай күшті жазғы каникул деген. Бүгін балалар күніне арнап клубтағылар концерт қойды. Мен "Бақыт" деген ән айттым. Тағы да Ж жүр. Бірінші күй тартты, сосын мен білмейтін бір өлең айтты . Уф кетті ма деп тұрсам көрініске шығуға дайындалып жүр. Ол тұрған жаққа қарамадым. Бірақ оның маған қарап тұрғанын біліп тұрдым.

20.06.04.

 Кеше мен Ақнұрдың үйіне қондым. Мамалары тойға кетіпті, біздің үйдегілерден қоярда-қоймай сұрап алды. Түнде сол үйдегі Ақнұрдың апасына кластастары келді. Іштерінде Ж жүр...

Ол маған жақсы көретінін бірден айтпады. "Махаббатқа берік болайықшы" деді. Ақнұрдың өтінішін аяқасты еткім келмеді , келістім. Бірақ бүгін өкініп отырм. Оны қалай жақсы көріп кетем мен, сонда алдағы өмірде  соғаан күйеуге шығам ба...

11. 08. 04.

Ж жақсы бала сияқты. Арамыз да жақсы. Хат жазып тұрады. Шіркін, телефон болса ғо, ұзааақ сөйлесем ғо. Біздің үй мен ол үйдің арасын төрт үй бөліп тұр. Ең қиыны кездесе алмайм. Маған көшеге шығуға болмайды. Көшеге жеңілтек қыздар шығады дейді апам. Ж екеуміздің хат жазысып жүргенімізді білсе бітті ғо, онда өлтіреді бар ғо.

17. 09. 04. 

Сабақ басталды. Ұялам. Мектепке барарда жүрегім дүрсілдейді. Ол шықса, бетіне қарай алмайм ғо. Класқа кіріп алып отырам да қоям. Ж оқитын кабинет бізден кейін тұр. Айтпақшы, бүгін он тоғызы екен ғо. Ол да менің ыңғайсызданып жүргенімді біледі.

                                         1 ЖЫЛДАН СОҢ

19. 06. 2005. 

(ол он бірінші, мен тоғызыншы класты аяқтадық)

Бүгін Ж мен жүргеніме бір жыл толды. Кездесе алмадым. Қызыыық, мереке сияқты қылғысы келді ме, көрші қыздан мына жүрекше қағазды беріп жіберіпті.

  

 26.05. 2006. 

Олар кеше мектеппен қоштасты. Менімен де қоштасып жатқандай. Кеше өзімді жаман сезіндім.

12. 06. 2006.

Бүгін сенімен ұзақ қоштастым.

-Мені ұмытып кетпе.е.е

-Әуелі сен мені.

-Ол жақта әдемі қыздар көп болады ғой...

-Әйтеуір, сенен ғана көрем әдемілкті.

-Егер мен ақсақ болып қалсам, онда сен мені ұмытасың, жоламайсың да. Шыныңды айтшы.

-Шынымды айтайын ба, саған келіп, сырласып тұрар едім...

 

 

22. 07. 06.

Ол оқуға түсті, урааааа. Экология факул.не.  БІрақ қысқы каникулда келеді, сағынам ғо.

                                       

                                      ЕКІ ЖЫЛДАН СОҢ

20. 09. 2008.

Сәлем, Алматы! Сәлем, КазГУ! Бәрі жақсы. Әуезов лексия оқыған залда отырм, ұлылар жүрген табалдырық, білімнің қайнаған ортасы... Сабақ қиындай бастады деп естідім. Ал мен сені ойлаумен жүрм. Күнде сөйлесеміз. Өзің білесің, арамыз қанша жақсы болса да бізге келгенде кездесуге деген сәтсіздіктер шығып қалады. Үш мың километр. "Шетелде емес, Қазақстанда жүргенімізге шүкір" дейсің өткенде. 

18. 02. 2009.

Кеше кездестім, Оқушы болып аттанған ауылға студент болып оралдық. Сен кәдімгідей есейгенсің. Өзіңе деген сенім мен жігітке тән қылықтарыңа одан сайын ғашық болдым ғо....Әдемі болып кетіпсің... Өзің де маған солай дейсің.

                                 

                                     КӨП СОЗБАЙ АЯҚТАЙЫН

16. 02. 2011. 

Түсте Ақнұрдың күйеуі, сенің досың Дәулетті күтіп алдым. Саған сәлемдеме беріп жіберді дейді. Дәулеттің  Алматыдағы ағасының  үйіне жақындай бергенімде біреу түртеді, жалт қарасам........ Сен екенсің ғой, қуанышымда шек жоқ қой сол күнгі.

3. 11. 2012. 

-Ало, қалың қалай, балапан?! Алматы суық па?

-Аздап. Өзің қалайсың?

-Табиғат тамаша. Тек сен жоқсың. 

-Келесі жылдың ақ қарын бірге басып, мұзына бірге таямыз(күлдім)

-Үйлену жайын көкеңдерге қашан айтасың? Жеңгеңе айттың ба?

-Бұйырған күні.

-Сонда қашан? (ренжіп тұрдың)

-Жақында, аз қалды.

-Үй ішіңмен еркін сөйлесер кезге қашан жетеді екенсің.

-Жетем ғо (жымидым) ( Әжемнің қызымын)

-Әйтеуір, аман жүрші! Уайымға салма. жаным...

-Сен де....

 

Сонымен, достар, менің махаббат қызық мол жылдарымның үзік-үзік сырларынан туған жолдар бұл. Қысқартып, шытырман оқиғаларын қиып алып тастадым. Ертең мейрам ғой, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, махабаттарыңыз мәңгі де, баянды болсын!

                                           

 

 

 

 

   

 


 



Бөлісу: