Шынжаң қазақтарының өмірі туралы көркем фильм.
«Көрікті мекен» көркем фильмі ҚХР-ның астанасы Пекинде 2004 жылы көгілдір экранда көрсетілді. Қытайда ең үздік фильм ретінде танылды. Режиссері - Гау Фың. Режисердің мақсаты – қазақтың салт-дәстүрін көрсету. Фильмде қазақтың әмеңгерлік салты көркем бейнеленген. Сондай-ақ көшпелі қазақ өмірі бейнеленген. Оқиға малшы отбасында өрбиді. Құнантай ақсақалдың қалаға жұмыс істеуге кеткен үлкен ұлы апатқа ұшырап қайтыс болады. Оның артында әйелі мен бір ұлы қалады. Құнантай ақсақалдың Амантай атты кенже ұлы болады. Амантай қаладан демалысқа келген Майраға ғашық болады. Бірақ Майра қалада оқығандықтан, ауылға қайтып келгісі келмейді. "Әнші болғым келеді"-деген арманы болады. Амантай Майраға ғашық болғанымен, әкесі оны үлкен ұлының әйеліне қосқысы келеді. Оқиға қалай аяқталар екен? Ендеше бұл фильмді көріңіз!