..... Кеш қалдым

Кеш түсіндің сезімімді

Жалындаған  жүрегімді

Кінәлі өзім, сүйгеніме

Айыптармын  енді  кімді.

 

Кеш  сезіндің сезімімді

Шалқыған теңіз көңілімді

Артыңнан  жалтақтай 

Қарайды, сені  кім  енді

 

Әттеген-ай,   кеш  қалдым

Ұғына алмай сүйгенімді

Күлімсірей  тіл  қаттым

Түсіне  алмай  күйгенімді

 

Кеш  қалдым, өкпелеттім

Кешір енді, кеш  мені,

Сезіміңмен ойнадым,

Сезесің бе сен мені?



Бөлісу: