ҚазҰУ – киелі білім ордасы

 ҚазҰУ – киелі білім ордасы
жеке
блог

1934 жылы негізі қаланған Қазақ Ұлттық Университеті қазіргі таңда Қазақстандағы барлық білім беру жүйесінің тірегі  және білікті мамандар ордасы. ҚазҰУ дәрежесі әлемдік деңгейдегі Quacquarelli Symonds агенттігінің нәтижелеріне сәйкес 401-450 орынға ие.

Бүгінгі күні киелі білім ордасының мыңдаған түлектері еліміздің сан түрлі өнеркәсіп саласында жұмыс жасап жатыр. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ елеміздегі мәртебесі жоғары жетекші жоғары білім ордасы. Университетімізде жоғары білім мамандықтарынан басқа, магистратура және доктарантура дәрежелері де оқытылады. Барлық факультеттерде иновациялық технологияға бағытталған оқыту процесі жүргізіледі. Сонымен қатар Университет қабырғасында 14 факультетте 20 мыңнан астам Қазақ стандық студенттерден басқа, алыс-жақын мемлекет азаматтарыда білім алуда.

 әл- Фараби ҚазҰУ көптеген мүмкіндіктер мекені себебі тек қана сапалы білім беріп қана қоймай, Университет жас білімпіз маман үшін жаңа белестердің есігін ашады. Университетіміз білім алушыға «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы арқылы халықаралық ынтымақтастық орнатқан Университеттерде білім алып, тәжирибе алмасуға мүмкіндік береді. Атап айтар болсақ « Erasmus» «Болашақ» «Trip arrangement» секілді бағдарламалар арқылы жас маман шет елдерде білім ала алады.

ҚазҰУ студенті өз білімін университет қабырғасында жүріп те шыңдай алады. Себебі ҚазҰУ-да ғылыми-зерттеу конференциялары жиі өткізіліп тұрады. Сонымен қатар Университет ішіндегі сан түрлі ұйымдар, жобалар студентке мүмкіндіктердің жан жақты бағытын ұсынады. «СҰҢҚАР», «КӨМЕК» ұйымдарының жобаларына қатысып, ат салысып өз білімін және әлеуметтік ортасын кеңейте алады.

Қорыта айтқанда сан жылғы тарихы бар Қазақ Ұлттық Университеті 14 факультет қабырғасында жас білімпаздарға білім алып, қоғамдық өмірге ат салысып және шет елде де тәжирибе жинақтауға үлкен мүмкіндіктер береді.

 

 

 

 

 

    Кузембаева Ж, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті                    

Жәрімбет А, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің магистранты