. . . . .қартайғым келмейді!
блог
Кешкі мезгіл тамаша ғой. Жұмыс уақыты аяқталған сияқты, шуағын төккен күннің де, ұясына жайғасар уақыты. Кешкі мезгіл салқын. Сонысымен ұнайды. Қоғамдық көлікпен үйге қайтып барамын. Мен ғана емес екенмін, мына жұрттың бәрі, қоғамдық көлікпен қатынайды екен ғой. Шаршап отыр бәрі. Жасы да бар, кәрісі де бар. Қара кәстөм шалбар киген, кеңсе қызметкері де, сәнді көйлек пен биік өкшелі төпли киген тәтелер де, күрткесі сәл жұпындау базарда сатушы апай да, арқасында "охрана" деген жазуы бар атай да, қара кәстөм иөбкі киген мұғалім қыз да осы автобуста. Қала ішіндегі аялдамалардан ешкім түспеді. Бір баласын алдына көтеріп, біреуін қолына жетектеп, жасы отыздан асқан бір ер азамат та мінді. Күйбелең тіршілік. Өзі жұмыстан шығып, үлкенін мектептен, кішісін балабақшадан алып, үйіне қайтып барады.
Байқағаным, көбісі қала сыртында тұрады екен. Жұмыстан жетіде шығып, жыбырлап қалған, мына автобуспен үйіне қайту, (шамамен бір жарым сағат).. . . азапты ғой.
Еліміз бай ғой! Мына адамдарға қала ортасынан пәтер де, жеке көлік те бұйырмапты ғой. Мені қойш, мына адамдар ше? Әйел, бала-шағасын қалай асырайды екен. . . . . Мен бір басымды әзер алып жүрмін. Еңбекақым бір айдан, бір айға жетпейді. Ертең менің де жасым отыздарға, қырықтарға келгенде, қайтпекпін?
. . .
бұл адамдар бақытты!!!!
Мен кимегенді балам кисін, мен жемегенді балам жесін, деп әке-шешеміз тынымсыз еңбек етті ғой. ОТБАСЫ ҚАМЫ ҮШІН.