Қыздар, қыздар сұлу қыздар! Неге қырсықсыңдар?! Ертең жігіттер қауымын үлкен іс күтуде. Бүгін сыйлықтарын алуға үлгергендер «маладес», үлгере алмағандар «анти-маладес» болмақ. Егер екінші адамның көзімен қарасақ, күнделікті өмірде не киетінің білмей жүрген қыз-келіншектерге сыйлық таңдау қиын. Бірақ мəселе сыйлаған затта емес, көңілінен шыға білуде. Кез келген нəзік жанды, рақметін айтып, сыйлықты қабыл алар. Олардың қиялдары ұшқыр, біреуден əрқашан бірдеңе күтіп жүреді. Сол себепті, жас жігіттердің басы қатады. Кеше əлеуметтік желіден «Крепитесь, парни» деген пікірге қыздардың ашуы түсті. Бұны жариялаған админ бір айналған шығар. Сіздерге мəдениетті түрде жеткізген пікірлермен бөліссек.
Жігіттерді шемішкедей шағып-шағып тастады. Шынымен, неге ұсақталып барасыңдар? Тепсе темір үзетін ерлеріміз қайда? Жақ пен тілге көп сүйенесіңдер.
Ал, ҚарМУ-дің ұлдары көп сайрамай, қаражаттары өзінен аса алмаса да қыздардың жүрегінен орын таба білді. Қарапайым жатақхананы романтикалық ортаға айналдырды.
Құрметті, аналар мен қыз-келіншектер, нəзік жандыларымыз, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жайдарлы жүздеріңізден күлкі кетпесін. Жылдан-жылға раушан гүлдей құлпыра беріңіздер. Аталмыш студенттерден видео құттықтауды қабыл алыңыздар. Тек жағымды жаңалықтармен бөлісе жүрейік. Әрқашан позитивте болайық!