Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ
блог
Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ
1015-16 ж.ж. Баласағұнда (Шу бойы, Ақтөбе) туып, Түрік қағанаты құлаған соң, Қарахан мемілекетінің орталығының бірі Қашқарда тұрған. Поэма 85 тараудан тұрады.
(үзінді)
Жан болсаң дүние кілтін қолыңа алған,
Басқаның ізгіліктен бәрі жалған.
Жастығың ұшып өтер құс секілді,
Мысалы бұ дүнияның түс секілді.
Қайыр қыл, қылып мін де жанды пырақ,
Басымда жансын десең мәңгі шырақ.
Ізгілер- не дейді екен құлағыңды ас,
Дүние- қусаң мойын сірә бұрмас.
Пікір қыл, не бір жайсаң кетті қайда?-
Бәріді де бабаң барған кетті жайға.
Бәрі өтті: бек, құл, ессіз, естілер де,
Атағы көшкен желдей өшті демде.
Солардың орынына сенде жеттің,
Ендеше ізгілік қыл, еңбек ет-кін.
Ізі жоқ кеше ғана келгендердің,
Аты өлмес ізгілік қып өлгендердің.
Бәрі өшпек, екі ат қана тілде қалар,
Бірі- ізгі, бірі- жаман. Үлгі ол алар.
Иә- алғыс, иә- қарғыс! Болдың бақұл!
Қалайсың сен қайсысын ?-
Алдыңда тұр!
Кәнеки, біреуіне бекінген жөн,
Келмейді кейін қайтып өкінгенмен