Жетістікке жету жолындағы КЕҢЕСТЕР!

   Жетістікке жету жолындағы  КЕҢЕСТЕР!
жеке
блог

Жетістікке жету неден басаталады? Әлемдегі ең атақты бизнесмен, миллиардер Уоррен Баффеттің ережелеріне сүйенсек, ең бірінші тұлғаның өзінен басталады. Яғни, өз-өзіңді өзгертуден, жетілдіруден.

1.Өз-өзіңді инвестициялау. Күнделікті өзіңмен жұмыс жасау. Мінезіңнің теріс жақтарын, әлсіз жақтарын өзгерту әркімнің өз қолында.  Және де кез-келген жерден тапқан табысыңды пайда түседі-ау деген жерге салу, яғни кірісті реинвестициялау.

2.«Жоқ» деп айтып үйреніңіз!  Сіз «Жоқ» деп айтпасаңыз өзіңіздің уақытыңызды толық игере де, жұмыс істей де алмайсыз.

3.Өзгеге ұқсаудан аулақ болыңыз. Ешқашан өзгелердің пікіріне сүйеніп шешім қабылдамаңыз. Және де адам өзін басқаларға қарап емес, өзімен ғана салыстыруы керек.

4.Тез әрі жан-жақты ойланып шешім қабылдаңыз. Ұзақ ойланып уақыт созғанша жылдам мәселені талдап сізге пайдалы жақтарын, атап айтқанда «маған бұл істен пайда қандай?» және  «бұл жобадан қанша кіріс табам» деген секілді сұрақтар ғана сізді мазалауы қажет.

5. Алдын-ала келісім жүргізіңіз. Кез-келген жұмысты бастамас бұрын төлемі жайлы, қаражат мәселесін келіскеніңіз абзал, әйтпесе сізді алдап соғып кету қаупі бар.

6. Ұсақ-түйек назардан тыс қалмасын. Үнемдеу арқылы көп нәрсеге қол жеткізесіз.

7. Өз есебіңізден өмір сүріңіз. Ешкімнен қарыз алмаған абзал. Әсіресе, кредит әлі ешкімді байытқан емес. Кез-келген жұмысты, жобаны өз қаражатыңыздан бастаған дұрыс.

8. Әрдайым бірбеткей болу. Тіпті, аз қаражат пен айтқанынан қайтпайтын бірбейткелік, талпыныс үлкен нәтиже берері сөзсіз.

9. Дер кезінде ойыннан шыға білу. Сізге пайдасыз жұмыстардан, тіпті артқа сүйрейтін жағдайлардан шыға білу керек.

10. Тәуекелге бару, я бармау жағдайларын бағалай біліңіз. Жан-жақта болып жатқан нәрселерге мұқият көңіл бөліңіз, көп нәрсеге  қол жеткізуге мүмкіндік бар.

11. Сіз үшін «жетістік» деген не? Соны ойланыңыз. Ешқашан жетістігіңізді ақшамен бағаламаңыз. Жетістікке жету- ол көп адамдардың сені сыйлауы мен бағалауы, құрметтеуі. Ол адамдардың сенімі мен махаббатына ие болу. Қаншалықты адамдардың сеніміне ие болсаңыз, соншалықты жетістікке жеткеніңіз.

Осы ретте осыдан біраз жыл бұрын Америкада болған оқиғаға тоқталып өтейік. Бір университетте студенттердің бітіру кешіне әлемге әйгілі тұлғаны, миллиардерді түлектердің алдына сөз сөйлеуге  шақырған екен. Отырған студенттер болашақ менеджерлер, бүгін міне соңғы күн студент ретінде өз-өздерін сезінулері, бас киім,  мантияларын киіп, қолдарын димпломдарын алып, күш-қуаттары тасып отырған жайлары бар. Олар жас, дендері сау, былайша айтқанда бақытты. Олар әлі өмірдің қиындығын көрген жоқ, қайғының, жоқтықтың не екенін білмейді. Сөйтіп, алдарында біраз жасқа келіп қалған адам шығып:

«Көп жылдар бойы мен де сендер сияқты студент болғам...» деп бастапты сөзін. Таң қалған ешкім жоқ. Студенттердің алдына сөз сөйлеуге келген әркім сөзін осылай бастайды деген оймен ешкім назар аудара қойған жоқ-ты.

"Иә, - деп жалғастырды әлгі адам. Көп жылдар бойы мен де студент болдым. Бірақ менің еш нәрсем болған жоқ. Иә, еш нәрсем. Мәселен, сендердің әрқайсысыларыңда бір-бір автокөлік, жағдайларыңды қамтамасыз ететін ата-аналарың бар. Ал менде еш нәрсе болған жоқ. Тек дипломым болды. Дипломым және жанарымдағы отым. Бәлкім көз-жанарымдағы отымның болғанынан шығар басқа ештеңемнің болмағаны.

Бірақ, қазір менде бәрі бар. Ал, жанарымдағы от әлі сөнген жоқ. Міне, мен алдарыңда тұрмын, сендерге қарап тұрып біреуіңнен ондай жанып тұрған жанарды көріп отырғаным жоқ,  Білсеңдер, жанардағы отсыз сендер тек өздеріңе нан тауып жеуге жетерлік табыс таба аласыңдар. Керемет нәтижелер, үлкен жетістіктер үшін от керек! Ал сендер, мына түрлеріңмен ұзаққа бара алмайсыңдар. Айталық, көп болса, жылына 100.000 доллар табыс табуларың мүмкін. Америкалықтар үшін бұл түк те емес. Мен – миллиардермін. Жылына 100.000 табыспен шектелетіндермен менің ортақ әңгімем  жоқ. Сондықтан, мен сіздермен қоштасамын...» « Ә, ұмытып барады екем, ұйымдастырушылардан кешірім сұраймын, кездесуіміз осындай көңілсіз нотада аяқталмас үшін айтарым: СӘТТІЛІК!», - деп шығып кеткен екен.

  Бұл оқиға шын мәнінде орын алған. Көп адамдар мұны түсінбей, тіпті реніш білдіргендері де болды. Себебі, оның студенттерге жоқ дегенде жарты сағат бойы әңгімесін айтып, кеңестерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап береді деп ойлаған. Ал, ол болса, кетіп қалған.

 Бірақ, біраз жылдар өткен соң, осы оқиғаға қанық бір топ студенттер зетрттеу жүргізеді. Осы жылғы студенттердің қандай ерекшеліктері бар екенін білмекші болады. Оны анықтау үшін 10 жыл бұрын бітіріп кеткен студенттермен әлеуметтік жағдайы, денсаулығы, жұмыс орны бойынша салыстырады. Зерттеу нәтижесінде, 10 жыл бұрын бітіріп кеткен студенттердің жағдайы осы жылғылармен салыстырғанда 3 есе жоғары болып шыққан. Бұл унмиверситетте соңғы жылдары мұғалімдер құрамының, оқыту жүйесінің, ештеңенің өзгермегенін ескеретін болсақ, әлгі адамның сахнадағы 3 минуттық сөзі осылай әсер етті дегеннен басқа ешқандай дәлел жоқ. Сонда ол не істеді?

 Ол- отырған студенттердің әрқайсысыларының жанарына от жақты. Себебі, олардың көз алдыларына болашақтарын елестеттірді. Егер дәл осындай қарқынмен, жастықпен, мастықпен жүре беретін болса, өмір өте шығады, ешқандай жетістікке жете алмаған адамға айналатындарын дәлелдеп берді.

  Бұдан шығатын қорытынды, кез-келген адамның жетістікке жетуі өз қолында. Әрине, мүмкіндігінше миллионер болып дүниеге келген дұрыс, бірақ міндетті емес. Кеудесінде оты бар адам бар адам барлығына да жетеді!!!!!