Ғылым мен білімнің қара шаңырағына 85 жыл!

Қазақ Ұлттық Университетіне бет алған адамның көзіне, ең алдымен, Алатаудың ақ қарлы шыңдары және оның аясында ойға шомып тұрған  
Әл-Фараби бабамыздың бейнесі шалынады. Мен үшін олардың бірі - табиғаттың, бірі - парасаттың символы іспетті. Ал табиғат пен парасат, біздің ұғымымызда, баянды да сәулелі, мәңгілік ұғымда... Осынау символдардың ғажап үйлесімі тек қана Қазақ Университетіне, тек менің туған университе- тіме тән үйлесім екенін ойлағанда, кеудемді мақтаныш пен алғыс, жауапкершілік сезімдеpі жүрегімді тебіренте кернейді. Осы сезіммен пенде- шілік тірлікті артқа ысырып тастап, рухани ордама қарай зор махаббатпен ұмтыламын...
Іргетесы 1934 жылы қаланған Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті осынау жылдарда баршаның көзайымына айналып үлгерді. Оған дәлел - Алматының жерінде ,Алатаудың төрінде менмұндалған сағымдай өзіне баурап алар әсем табиғаты ,жанға жайлы жатақханасы ,жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен жасақтандырылған оқу корпустары мен демалыс саябақтары айрықша көзге түсетін -ҚазҰУ қалашығы.
Университет қалашағы - өз ішінде студенттерге барлық мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін арнайы кешен. Білімпаз жастың жан аралын кітаппен сусындатар кітапхана, талантты да талапты , өнерлі де өр жастардың басын біріктіретін Студенттер сарайы, спорттың сан салаларын дамытқан Спорт кешені, жастардың етене араласуына себепкер болатын жанға жайлы тылсым әлем —жатақхана, өзіндік сәніменен көз тартатын ректорат ғимараты мен оқу корпустары ҚазҰУ-дың бүгінгі күнге дейінгі  жетістіктері екеніне еш шүбәміз жоқ. 
Сонымен қатар  85 жылдық белдеудегі сарқылмас қазынамыз, ол — университетіміздің Әл-Фараби атамыздың атын иемденуі. Тәуелсіздік алған жылдары жүзеге асқан бұл үдеpic Қазақ даласының асыл перзенті, әлемнің екінші ұстазына көрсеткен ұрпақтар сыйы, кемелденген білім ордасына даңғыл жол салған оқиға болды.
Тағы бір ауыз толтырып айтарлық жетістік - оқу жүйесінің үдерісі болып табылады. Әртүрлі мамандық иелерін даярлайтын оқу корпустары жеке-жеке орналасқан. Осыған сәйкес оқу ордасында жорғары санатты, тәжірбиелі, білімді,еңбегі сіңген профессорлар,доценттер,кандидаттар,ұстаздар әр дәрісін студенттердің қызығушылғын арттыру мақсатында ерекше өткізеді. Университетімізде оқу жүйесі Балон үдерісі бойынша жүзеге асырылады. Бұл да ертеңгі біз сияқты болашақ маман иелерінің жан-жақты тәрбиеленіп өсуіне кепілдік береді. 
Белсенділік, өзін де өзгелерді де сыйлау, төзімділік, мақсат қою және оған жету жолында тер төгу, уақыт талабына сай өзін ұстау, артта қалмауға тырысу тағы басқа да тұлғаға қажетті сапалар отбасында қалыптасады. Жоғары оқу орны осы сапаларды жақсы кәсіби маман ретінде дайындауда әрі қарай шыңдайды. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылымды дамыту, білім беру мен тәрбие үдерістерін өзара ұштастыра отырып, дамыту жақсы жолға қойылған. Әлеуметтік саланың өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыдан талдауға, заманауи теориялар мен жаңа технологияларды, инновациялық үрдістер мен әдістерді қолдануға қажетті дағдылар мен біліктілікті қалыптастырумен қатар, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, оларды теріс пиғылды діни ағымдардан сақтандыру, ақиқат діннің мәнін түсіндіру университеттің күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналуда.
Белестері биік білім ордасына бүгінде 85 жыл толды. Тарихы тереңнен орын алған бұл қарашаңырақ басында С.М. Киров атындағы ҚазМУ... ҚазҰУ деген аттарды иемденді. Оқу орны ұзақ әрі ұтымды жол жүріп келеді. Негізгі нысананы өскелең ұрпаққа жол көрсетуге арнаған университеттің бағындырар белестері биік болғай! ҚазҰУ деген сөзді естігенде санаға бірден — сапа, дәреже, бәсеке, жүйрік, бірінші, көшбасшы, абырой, білікті деген сөздер енеді, ендеше, жетістік деген осы болаp! Мерейің үстем, болашағың жарқын бола берсін, қазақтың қарашаңырағы!
 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Тарих,археология және этнология факультетінің 2 курс студенті.


Бөлісу: