Гүлдердің психологиялық мәні

 Гүлдердің психологиялық мәні
жеке
блог

Көбіне гүл сыйлар алдында, біз түрі мен түсіне мән береміз. Ал, зерттеулерге сенсек, көз арқылы қабылданатын гүлдердің түсі миға әсер етіп, ағза қызметін жақсарта түседі екен. Сондықтан, кез келген гүлді сыйға тартқанда, оның түсіне, сабағының ұзындығына, пішініне қарау керек. Мысалы, ақ түсті гүл адамның көңіл-күйін көтереді, сары түсті гүл - жылу мен байлықтың белгісі, ал күлгін түс - кеңдік пен сенімділікті білдірсе, қызыл гүл мерекелік көніл-күйді сипаттайды.

Сонымен, қандай түсті гүлдер пайдалы:

Қызыл түс. Мидың психикалық белсенділігін арттырады. Қандағы адреналинді көтеріп, адамға күш-қуат береді. Осы түстің әсер етуімен ағзадағы жыныс гормондарының концентрациясы көбейеді. Қызыл түсті гүлдер шаршауды басады. Егер климаттық өзгерістерге ағзаңыз төзе алмаса бөлмеге қызыл түсті гүлдер қойыңыз, атмосфералық өзгерістерді жеңуге көмегі зор.

Ақ түс. Тазалық пен ұқыптылықтың белгісі. Мұндай түсті гүлдерді жаны таза адамдар ұнатады. Ол адамды жаман ойдан арылтып, шешілмей жатқан мәселелерді маңызсыз етеді. Ақ түсті гүлдерді шығынға ұшыраған адамға, немесе созылмалы аурудан айыға алмай зардап шегіп жүрген науқасқа сыйлаған жөн.

Сары түс. Зат алмасу қызметін жақсартады. Орталық жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, иммунитет күшін көтереді. Сары түсті гүлдерді жұқпа ауруларымен науқастанып жатқандарға немесе уайым шегіп жүргендерге берген жөн.

Көк түс. Түн мен тыныштықтың түсі. Көк және ашық көк түсті гүлдер миға тыныштық сыйлап, ұйқының жайлы әрі жақсы болуына әсер етеді.

Гүл сыйлау - әрқашан адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сол себепті, бір-бірімізге гүл шоқтарын ұсынып, күлімдеп жүрейік !